Гүл шоқтарын қою.Возложение цветов.
Еске алу күні қарсаңында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған «Қара қызғалдақ» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Балалар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың батылдығы мен ерлігіне терең құрмет білдірді. Акция ел тарихына құрмет көрсету мен өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік және жауынгерлердің ерлігіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеудің көрінісі болды.
В преддверии памятной даты воспитанники школы-интерната возложили цветы к памятнику «Черный тюльпан» погибшим воинам-интернационалистам. Ребята почтили память погибших минутой молчания и выразили глубокое уважение к их мужеству и подвигу. Акция стала проявлением уважения к истории страны и воспитания у подрастающего поколения чувства патриотизма, гражданской ответственности и гордости за подвиг воинов.
#адал_азамат

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента