Новости сайта
Полный текст "Новости сайта"Ашық есік күні.День открытых дверей.
https://youtu.be/Lh1mqIJnjcw?si=8VFj56-3bZecT6Am
Туған қаладағы ашық есік күні: Саран қаласында болашақты таңдаймыз!
28 сәуір күні біздің түлектеріміз Саран техникалық колледжінде өткен «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты. Колледж шеберлері шеберханаларға экскурсия жүргізді. Мұнда сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беріледі: автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; дәнекерлеу ісі; тамақтандыруды ұйымдастыру; слесарлық іс; тігін өндірісі. Ең қызықты кезең – кондитер-әрлеуші және электргазбен дәнекерлеуші біліктіліктері бойынша өткізілген кәсіби шеберлік сабақтары болды. Осындай кездесулер оқушыларға өздерін күтетін, білім беріп, болашақта өз ісінің маманы болуға көмектесетін колледждермен танысуға мүмкіндік береді. Саран техникалық колледжінің ұжымына жылы қабылдауы, сұрақтарға жан-жақты жауаптары және түлектерімізге арналған шабыттандыратын шеберлік сабақтары үшін алғысымызды білдіреміз! @stk_saran
День открытых дверей в родном городе: выбираем будущее в Сарани!
28 апреля наши выпускники посетили «День открытых дверей» в Саранском техническом колледже. Мастера колледжа провели экскурсию по мастерским. Здесь обучают востребованным специальностям: техобслуживание, ремонт и эксплуатация автотранспорта; сварочное дело; организация питания; слесарное дело; швейное производство.
Самым интересным этапом стали профессиональные мастер-классы по квалификациям кондитер-оформитель, электрогазосварщик.
Такие встречи помогают ребятам познакомиться с колледжами, где их ждут, научат и помогут стать профессионалами своего дела.
Благодарим коллектив Саранского технического колледжа за теплый прием, подробные ответы на вопросы и вдохновляющие мастер-классы для наших выпускников! @stk_saran
#адал_азамат
Виртуалды кітап көрмесі.Виртуальная книжная выставка.
https://youtu.be/pfq1ZGDM_rM?si=eecWqGk0YoJT5OqJ
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесін ашып көрсететін кітаптарға арналған «Балаға қатысты зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарауға – ЖОҚ деп айт!» атты виртуалды кітап көрмесі өткізілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер “Чучело” авторы В. Железников, “Класс коррекции” авторы Е. Мурашова және “Ученик” авторы А. Сережкин шығармаларымен танысты. Шара аясында оқушылар “Чучело” көркем фильмінен үзінді көріп, «Буллингтен қалай қорғануға болады?» атты бейнероликпен де танысты. Осындай кездесулер балаларға өмірдегі маңызды құндылықтар — құрмет, мейірімділік және өз іс-әрекетіне жауапкершілік туралы тереңірек ойлануға мүмкіндік береді.
По плану воспитательной работы проведена виртуальная книжная выставка «Скажи – нет! - равнодушию к детскому насилию», посвящённая книгам, раскрывающим проблему буллинга среди подростков. Ребята познакомились с произведениями В. Железникова «Чучело», Е. Мурашовой «Класс коррекции» и А. Сережкина «Ученик».
В рамках мероприятия воспитанники посмотрели фрагмент из кинофильма «Чучело», а также ознакомились с видеороликом «Как защититься от буллинга. Подобные встречи помогают задуматься о важных жизненных ценностях — уважении, доброте и ответственности за свои поступки.
#адал_азамат
#тазақазақстан #адал_азамат
https://youtu.be/Oy_kGf21SKU?si=12sK8TEWjq6zQncl
#тазақазақстан
#адал_азамат
«Біз біргеміз» флешмобы.Флешмоб «Мы вместе».
https://youtu.be/KzxidUklV8I?si=k3A8flWrpLiq6ThF
#адал_азамат
Кинотеатрға бару.Поездка в кинотеатр.
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6 «А», 9 «А» және 9 «Б» сынып білім алушылары анимация әлеміне қызықты саяхат жасап, «SaryZhaylau cinema» кинотеатрына барды. Балалар «Супер Марио: Галактикалық кино» атты әсерлі жаңа фильмді тамашалады. Біздің тәрбиеленушілер үшін мұндай шара – тек қызықты кейіпкерлермен кездесу ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау және кейіпкерлерге жанашырлық таныту дағдыларын қалыптастыратын маңызды тәжірибе. Марионың галактикалық оқиғалары балаларға жарқын әсер сыйлап, шынайы күлкі мен қайтар жол бойы толастамаған қызықты әңгімелерге себеп болды.
Жылы қарсы алғандары және сиқырлы атмосфераға бөленуге мүмкіндік жасағандары үшін @til.madeniet.sport.garagandy мекемесіне және @saryzhaylau_cinema кинотеатры ұжымына алғысымызды білдіреміз!
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» обучающиеся 6 «А», 9 «А» и 9 «Б» классов совершили увлекательное путешествие в мир анимации, посетив кинотеатр «SaryZhaylau cinema». Ребята посмотрели захватывающую новинку - фильм «Супер Марио: Галактическое кино». Для наших воспитанников такой выход — это не только встреча с интересными героями, но и важный урок общения, поведения в общественных местах и умения сопереживать персонажам. Галактические приключения Марио подарили детям массу ярких впечатлений, искренний смех и обсуждения, которые не умолкали весь обратный путь. Выражаем благодарность @til.madeniet.sport.garagandy и коллективу кинотеатра @saryzhaylau_cinema за теплый прием и возможность окунуться в атмосферу волшебства!
#адал_азамат
«Не книжные закладки», «Хулиганка» деректі фильмдерін көру.
https://youtu.be/StRfj6YwhZY?si=KS58LB2LO7TJZevi
21 сәуір күні мектеп-интернатында 9-10 сынып тәрбиеленушілері үшін «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға Саран қаласының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А. Б. Жабықбаев, полиция аға лейтенанты Ж. В. Хан, сондай-ақ КМЗ жанындағы «Саран қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның психолог-маманы О. В. Шевкунова қатысты. Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында болды. Көрсетілімнен кейін білім алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
21 апреля в школе-интернате для воспитанников 9–10 классов был организован просмотр документальных фильмов «Не книжные закладки» и «Хулиганка». На мероприятии присутствовали старший оперуполномоченный г. Сарани, старший лейтенант полиции Жабыкбаев А.Б., старший лейтенант полиции Хан Ж.В., а также специалист-психолог КМЗ при ОП КГП на ПВХ «Больница г. Сарани» Шевкунова О.В. Мероприятие было направлено на профилактику правонарушений среди несовершеннолетних и формирование правовой ответственности. После просмотра проведена разъяснительная беседа с обучающимися.
#адал_азамат

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента