Инклюзияны қолдау ресурстық орталығының қызметі аясында онлайн-вебинар.Онлайн-вебинар в рамках ресурсного центра по поддержке инклюзии
ҚОББ «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де 2025 жылғы 29 қазан күні Инклюзияны қолдау ресурстық орталығының қызметі аясында Саран қаласының жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне ЕББҚ бар балаларды оқыту мәселелері бойынша онлайн-вебинар өткізілді.
Онлайн-вебинар барысында келесі бағыттар қарастырылды:
1. Интеллектуалдық бұзылысы бар оқушыларды жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу бағдарламалары мен арнайы оқулықтардың мазмұнына бағытталмаған арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқыту;
2. Орташа деңгейдегі интеллектуалдық бұзылысы бар оқушыларды сынып жетекшісі мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары бірлесіп, балалардың мүмкіндіктерін психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде құрастырған жеке оқу бағдарламалары бойынша, жарты жылдан аспайтын мерзімге оқыту;
3. Оқу жетістіктерін критериалды сипаттамалық бағалау және бес балдық жүйе арқылы бағалау.

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента