«Интернет алаяқтығы», «Балалық тентектік, құқық бұзушылық, қылмыс», «Сенің көшедегі компанияң» әңгімелесулер.Беседы: «Интернет мошенничество», «Детская шалость, правонарушение, преступление», «Твоя уличная компания».
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ 2025 жыл «Профилактика жылы» деп жарияланғанын ескере отырып, 10 сәуірден 6 мамырға дейін Саран қаласында республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мектеп-интернатында Саран қаласының прокуроры Т. Н. Харитонова, ӘПБ басшысы полиция майоры М. С. Висмурадов, жедел уәкілеттік қызметкері аға лейтенант М. К. Сулейменов, ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Ж. Б. Жаркеновпен бірлесіп «Интернет алаяқтығы», «Балалық тентектік, құқық бұзушылық, қылмыс», «Сенің көшедегі компанияң» тақырыптарында әңгімелер өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтарды болдырмау, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықты болдырмау, сондай-ақ балаларға қарсы қылмыстық әрекеттердің алдын алу.
В целях профилактики правонарушений среди несовершеннолетних, а также учитывая, что 2025 год объявлен «Годом профилактики» в период с 10 апреля по 06 мая на территории города Сарани проводится республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Подросток». В школе – интернате совместно с прокурором г.Сарани Харитоновой Т.Н, начальником ОАП майором полиции Висмурадовым М.С., старшим лейтенантом оперуполномоченным Сулейменовым М.К., УИП ГЮП лейтенантом полиции Жаркеновым Ж.Б. были проведены беседы: «Интернет мошенничество», «Детская шалость, правонарушение, преступление», «Твоя уличная компания». Основная цель мероприятия - предупреждение и профилактика подростковой преступности, пресечение правонарушений среди обучающихся организаций образования, выявление административных и уголовных правонарушений в сфере защиты прав несовершеннолетних, профилактика хулиганств в общественных местах и на улицах, а также предупреждение преступных посягательств в отношении детей.
#Біртутас_тарбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert