Poll
Первый вопрос голосования
09.04.2026

Кітапханаға экскурсия.Экскурсия в библиотеку.

«Баршамызға бір әлем» жобасы аясында №1 ООК-де «Мейірімге толы жүрек» атты экскурсия-көрсетілім өткізілді. Мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне құрметпен қарау тақырыбына арналған іс-шараға қатысты. Экскурсия барысында балалар мейірімділікке байланысты шағын викториналарға белсенді қатысып, әртүрлі эмоцияларды білдіретін смайликтерді тапты, сондай-ақ өз ойларымен бөлісіп, жылы сөздер мен тілектерін жазды. Ерекше қызығушылық тудырған музыкалық сергіту сәті іс-шараға жылы әрі достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара соңында балалар 3D және панорамалық кітаптармен танысып, олар үлкен қызығушылық пен жағымды эмоциялар сыйлады.

В рамках проекта «Мир для всех один» в БСЧ №1 была проведена экскурсия–демонстрация «Сердце, полное добра» («Мейірімге толы жүрек»).Воспитанники школы-интерната посетили мероприятие, посвящённое теме доброты, взаимопомощи и уважительного отношения друг к другу. В ходе экскурсии ребята активно участвовали в мини-викторинах о добре, отгадывали смайлики, выражающие различные эмоции, а также делились своими мыслями, записывая добрые слова и пожелания.Особый интерес вызвала музыкальная физминутка, которая помогла создать тёплую и дружелюбную атмосферу. Завершением мероприятия стало знакомство с 3D и панорамными книгами, которые вызвали у детей живой интерес и положительные эмоции.

#адал_азамат