01.12.2023

Мектеп - интернаттың туған күні. День рождения школы -интернат.

Біздің сүйікті мектебіміз 1 желтоқсанда 59 жасқа толған туған күнін атап өтті!

Мерекеге ұстаздық жолында еңбек еткен ардагерлер: М. И. Гуреева, Л. Р. Вдовицкая, Т. И. Елагина, Г. П. Авилова шақырылды және аса қуанышпен қарсы алды. Олар залға жиналғандардың барлығын мерекемен шын жүректен құттықтап, сый-сияпаттарын беріп, қазіргі мектеп-интернатты осы залда отырғандардың барлығы – мұғалімдер, мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, мектеп бітірушілер, тіпті қонақтар да салған үй екенін атап өтті. Ал, ары қарай «59 Мерекелік» авиалайнері жиналғандарды әлемнің әр елінен келген құттықтауларды қабылдау үшін жер шарын аралауға шақырды... Сахнада тіпті кішкентай да, орта және жоғары буынның да әртістері әндері мен билерімен жарқырады. Мұғалім Н. Л. Семенюта мектепке арнап Д.Еркембаевтың орындауында «Менің мектебім!» атты өлеңін тарту етті. Мереке жүргізушілері көрермендермен «Мектебімізге не сыйлаймыз?» атты ойын өткізді, бұл мектеп кез келген адам өмірінің ең маңызды бөлігі екенін тағы бір дәлелдеді. Жарық сөнді... кенет залда күтпеген жерден керемет музыкалық биімен, барлығына арналған құттықтауымен «Чебурашка» пайда болды... Келген көрермендердің қуанышында шек болмады!

        Баршаңызды мектептің туған күнімен құттықтаймыз және де бір-бірімізді қолдап, қиын жағдайда жақындарымызға көмектесе отырып, бәріміз бірге табыс шыңына, үлкен білім мен лайықты жетістіктерге бірге көтерілетін берік баспалдақтың болуын тілейміз.

1 декабря свой День рождения отметила наша любимая школа, которой исполнилось 59 лет! 

 На праздник были приглашены ветераны педагогического труда: Гуреева М.И., Вдовицкая Л.Р., Елагина Т.И., Авилова Г.П., которым все были очень рады. Они искренне поздравили всех присутствующих в зале с праздником, подарили презенты и отметили, что нынешняя школа-интернат – это дом, который построили все, сидящие в этом зале - учителя, сотрудники школы, ученики, родители, выпускники и даже гости. Ну, а дальше «Авиалайнер «Праздничный 59», пригласил присутствующих в путешествие по свету для принятия поздравлений от разных стран мира… На сцене блистали как совсем маленькие артисты, так и ребята из среднего и старшего звена с песнями и танцами. Преподаватель Семенюта Н.Л. подарила школе стихотворение собственного сочинения – «Школа моя!», которое прочитал Иркембаев Д.. Ведущие праздника провели со зрителями игру «Что подарим нашей школе?», которая лишний раз подтвердила, что школа - это самая важная часть жизни любого человека. Гаснет свет…и, вдруг в зале неожиданно появляется «Чебурашка» с прекрасным музыкально-танцевальным поздравлением для всех…Восторгу присутствующих не было предела!

        Поздравляем всех с Днём рождения школы и желаем, чтобы у нас была прочная лестница, по которой мы все вместе будем подниматься к вершинам успеха, больших знаний и достойных достижений, поддерживая друг друга и помогая своим товарищам в трудных ситуациях.

#біртұтас_тәрбие