«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп-интернат тәрбиеленушілері Саран қаласының отбасылық оқу кітапханасына барды.В рамках проекта «Читающая школа» воспитанники школы-интерната посетили библиотеку семейного чтения города Сарани.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп-интернат тәрбиеленушілері Саран қаласының отбасылық оқу кітапханасына барды. Кітапханашы Л. Н. Ковшова балаларға кітапхананың кітаптарын пайдалану ережелерін айтып, кітап сөрелеріне кітаптарды орналастырудың қыр-сырын ашып, кітапхана каталогтарымен таныстырды. Кітапхананың оқу залында балалар әрқашан тамаша кітаптар мен журналдарды оқып, барлық сұрақтарына жауап тауып, қызықты уақыт өткізуге болатынын білді. Бұл күні балаларға арнап «Кітапхана әлемді ашады» атты балалар энциклопедияларының көрмесі ұйымдастырылды. Балалар «Кітаптар нені ұнатады» және «Сиқырлы сөздер» атты көңілді викториналарға қатысты.
Балаларға кітаптың сиқырлы әлеміне саяхат өте ұнады. Балалар кітапханаға келіп, онымен жақсы дос болуға уәде берді.
В рамках проекта «Читающая школа» воспитанники школы-интерната посетили библиотеку семейного чтения города Сарани. Библиотекарь Ковшова Л.Н. рассказала ребятам о правилах пользования библиотечными книгами, раскрыла секреты расстановки книг на книжных полках, познакомила с библиотечными каталогами. В читальном зале библиотеки дети узнали, что здесь всегда можно почитать замечательные книги и журналы, найти ответы на все интересующие тебя вопросы и интересно провести время. В этот день для ребят была оформлена выставка детских энциклопедий «Библиотека открывает мир». С удовольствием дети приняли участие в веселых викторинах «Что любит книжка», «Волшебные слова». Путешествие в волшебный мир книги очень понравилось ребятам. Дети пообещали прийти в библиотеку и стать ее добрыми друзьями.
#біртұтас_тәрбие