С днём рождения родная школа!!!
3 желтоқсан күні ҚОББ №9 арнайы мектеп-интернатының құрылғанына 60 жыл толуы аталып өтті.
Бұл оқиға оқушыларды, педагогтерді, түлектерді және мектеппен қандай да бір байланысы бар жандарды біріктірді. Бұл жай ғана мереке емес, нағыз естеліктер, жетістіктер және болашаққа жоспарлар күні болды.
Мектеп ұжымын және тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтауға Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Т. Болкенбаев, Қарағанды облыстық білім беру әдістемелік орталығының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі А. Х. Калмагамбетова, Саран қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. А. Туртбаева, білім беру қызметкерлерінің “Білім” жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы А. М. Жамбеисова, педагогикалық еңбек ардагерлері, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Мектеп педагогтері мен оқушылары бұл күнге үлкен дайындықпен келіп, мерекелік бағдарламаларын ұсынды.
Қонақтарға мектептің парламент мүшелері дайындаған «Біздің мектеп кеше, бүгін, ертең» атты бейнежоба көрсетілді. Жоба мектеп-интернатының қалыптасу тарихы, әр жылдары жұмыс істеген директорлары мен педагогтері жайлы баяндады. Мерекеге қатысушылар 60 жылдық тарихты қайта бастан кешкендей болып, мектеп тарихына өздерінің де үлесі бар екенін сезінді.
Мерекелік іс-шара аясында қонақтарға әртүрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, ал мектептің театр үйірмесінің оқушылары өз актерлік шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, ерекше форматта квест-ойын түрінде мектеп бойынша экскурсия өткізілді. Қонақтар мектеп мұражайын аралап, мектеп шежіресімен, фотосуреттермен және оның құрылған сәтінен бастап сақталған мұрағаттық құжаттармен танысты. Сондай-ақ, қонақтар өз тілектерін арнайы қонақтар кітабына қалдырды.
Біздің мектеп – бұл әркімге жылу мен жайлылық сыйлайтын үй, қайта оралғың келетін орын.
Бұл – баланың әлемді тануға және өзін дамытуға қызығушылығын оятатын мекен. Техникалық мүмкіндіктерімен қоса, мектепте ерекше жылылық пен жайлылық атмосферасы қалыптасқан. Ал ең бастысы – біздің мектептің жаны, ол оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың ұжымымен қалыптасады.