Тақырыптық әңгіме.Тематическая беседа.
Республикалық «Кіtap-Time» кітап фестивалі аясында мектеп-интернатына №3 КФ (кітапхана-филиалы) кітапханашысы Т. А. Айтқожина келіп, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдарға арналған тақырыптық әңгіме және кітап көрмесін өткізді. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер заманауи мамандықтардың алуан түрлілігімен танысып, қазіргі қоғамда қандай дағдылардың сұранысқа ие екендігін білді және болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығына көз жеткізді. Әсіресе, кәсіби бағытты анықтауға және жеке қасиеттерді дамытуға көмектесетін кітаптарға ерекше назар аударылды. Бұл кездесу жасөспірімдерге өз болашағы туралы ойлануға және мамандық таңдаудағы алғашқы қадамды жасауға тамаша мүмкіндік болды.
В рамках Республиканского книжного фестиваля «Кітаp-Time» школу-интернат посетила библиотекарь БФ (библиотеки-филиала) №3 Айткожина Т.А. с тематической беседой и выставкой-обзором, посвящённой профориентации для старшеклассников. В ходе мероприятия воспитанники познакомились с разнообразием современных профессий, узнали, какие навыки востребованы в современном мире и как сделать осознанный выбор будущей карьеры. Особое внимание было уделено книгам, которые помогают определиться с профессиональным направлением и развить личные качества.Встреча стала отличной возможностью для подростков задуматься о своём будущем и сделать первый шаг на пути к выбору профессии.
#адал_азамат

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента