Тәрбие сағатты «Атадан өсиет - анадан қасиет».
28.01.2025ж. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша және сабақтан тыс іс-шаралар мектептің әдістемелік қызметі аясында бастауыш сынып мұғалімі Л. Х. Силамхан мен тәрбиеші Г. Е. Мақсатбаева 2 “Ә” сынып білім алушыларымен және ата- аналардың қатысуымен “Атадан - өсиет, анадан - қасиет” атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының жайлау мәдениетімен, амандасу дәстүрлерімен, ұлттық қолөнер түрлерімен танысты. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, тәрбиеленушілерді ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу, ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін бағалауға және оларды қазіргі өмірде қолдануға үйрету.
Іс-шараның алғашқы бөлімі тәрбиеленушілерге қазақ халқының табиғатпен тығыз байланысты жайлауда өмір сүрген дәстүрлері туралы айтылды. Келесі бөлімде балалар жүннен ою-өрнек жасау, шаш өру және қамшы өру сияқты ұлттық қолөнер түрлерімен танысты. Тәрбие сағатының соңында ақ жаулықты әже тәрбиеленушілермен отырған қонақтарға қонақ кәде таратып, ақсақал бата берді.
#Біртутас_тарбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert