17.02.2026

Занимательная переменка «Зерде мен қол ойыны» — «Игры для ума и рук».

«Біз білім ізденісіндеміз» пән апталығы аясында бастауыш сынып педагогтері «Зерде мен қол ойыны» атты қызықты сергіту сәтін ұйымдастырды. Тапсырмалар қысқа әрі нақты құрылымдалған болды. Сергіту сәтінің бағдарламасына саусақ ойындары мен қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытатын жаттығулар, қарапайым логикалық есептер мен сұрыптауға арналған тапсырмалар, сондай-ақ білім алушылардың сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамытуға бағытталған шағын тілдік ойындар енгізілді. Барлық тапсырмалар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып іріктелді, көрнекі материалдармен және педагогтердің кезең-кезеңімен берілген нұсқауларымен сүйемелденді. Сергіту сәтін өткізудегі маңызды шарттардың бірі – эмоционалдық қолдау көрсету, әр қатысушыны мадақтау және оқушылар үшін табысты жағдай қалыптастыру болды. Сергіту сәті түзету-дамыту бағытында ұйымдастырылып, шаршауды басуға, танымдық белсенділікті арттыруға және оқуға деген жағымды мотивацияны қалыптастыруға ықпал етті.

В рамках предметной недели «Мы в поиске знаний» педагоги начальной школы провели занимательную переменку под названием «Зерде мен қол ойыны» — «Игры для ума и рук».

Задания были короткими и чётко структурированными. В программу переменки вошли пальчиковые игры и упражнения на развитие координации движений, простые логические задачи и задания на сортировку, а также речевые мини-игры, направленные на развитие словарного запаса и связной речи обучающихся.

Все задания подбирались с учётом индивидуальных возможностей детей, сопровождались наглядным материалом и поэтапной инструкцией педагогов. Важным условием проведения переменки стали эмоциональная поддержка, поощрение каждого участника и создание ситуации успеха для обучающихся.

Переменка носила коррекционно-развивающий характер, способствовала снятию утомления, активизации познавательной деятельности и формированию положительной мотивации к обучению.

#адал_азамат