Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?

Летний отдых



    13.06.2025

    Мектеп жанындағы «Алтын достар» жазғы лагерінің жабылуы.Закрытие пришкольного летнего лагеря «Алтын достар».

    Финалдық аккорд – бұл жай ғана ауысымның жабылуы емес, нағыз шытырман оқиға! Біздің тәрбиеленушілер көптен күткен сыйлықтарды іздеп, квест-ойынға аттанды. Жолда оларды көңілді эстафеталардан өту күтіп тұрды, қулығы бар жұмбақтарды шешіп, ептілік пен зеректік танытып, соңғы би флешмобында барлығы керемет энергиямен қуаттанды! 

    Бұл күлкіге, эмоцияға және командалық рухқа толы жарқын әрі әсерлі финал болды 

    Рахмет, «Алтын достар», ұмытылмас сәттер үшін! Кездескенше! 

    Финальный аккорд - не просто закрытие смены, а настоящее приключение!

    Наши воспитанники отправились в квест-игру в поисках заветных подарков . На пути им предстояло пройти весёлые эстафеты, отгадать хитрые загадки, проявить ловкость, смекалку и, конечно, зарядить всех энергией на финальном танцевальном флешмобе! 

    Это был яркий и трогательный финал, наполненный смехом, эмоциями и командным духом 

    Спасибо, "Алтын достар", за незабываемые моменты! До новых встреч! 

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    12.06.2025

    Саран қ. МҮ саяхат.Экскурсия в ДК г. Сарани.

    Жаз – бұл жарқын әсерлерге, қуанышты сәттерге және жаңаша ашылуларға толы керемет уақыт. Бүгін мектеп жанындағы «Алтын достар» жазғы лагерінің балалары Саран қаласының Мәдениет үйіне барып, «Коконың құпиясы» атты қызықты мультфильмді тамашалады.

    Мультфильмде 12 жастағы Мигельдің музыкант болуды армандауы және осы арманын орындау жолындағы ізденістері баяндалады. Жарқын кейіпкерлер мен тартымды оқиға желісі балаларға ерекше әсер қалдырып, көңіл-күйлерін көтеріп, жағымды эмоциялар сыйлады!

    Лето – это время, полное ярких впечатлений, радостных моментов и новых открытий. Сегодня ребята из пришкольного летнего лагеря «Алтын достар» посетили ДК г.Сарани, где посмотрели увлекательный мультфильм "Тайна Коко". Мультфильм рассказывает историю 12-летнего Мигеля, который мечтает стать музыкантом. В поисках вдохновения и возможности осуществить свою мечту. Яркие персонажи и захватывающий сюжет создали неповторимую атмосферу, которая зарядила ребят позитивными эмоциями!

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    12.06.2025

    Өрт сөндіру бөліміне саяхат.Экскурсия в пожарную часть.

    12 маусым күні мектеп жанындағы «Алтын достар»

    жазғы лагерінің тәрбиеленушілері үшін Саран қаласындағы №24 өрт сөндіру бөліміне саяхат ұйымдастырылды. Бұл — өрт сөндірушілердің ерлікке толы еңбегін бағалап, мамандықтың қыр-сырына қанығып, құтқару техникасымен танысып, өрттің алдын алу шаралары жайлы әңгімелесіп, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру үшін тамаша мүмкіндік болды. Балалар тек жарқын әсерлер алып қана қоймай, оларға алдағы өмірде қауіпсіздікті сақтауға көмектесетін, тұрмыста өрттің алдын алу жайлы маңызды әрі пайдалы ақпаратты да алды.

    12 июня для воспитанников пришкольного летнего лагеря «Алтын достар»

    была организована экскурсия в пожарную часть города Сарани №24 – это отличный шанс оценить доблестный труд пожарных, окунуться в тонкости профессии, изучить спасательную технику, поговорить о профилактике пожаров, повторить правила безопасности. Кроме впечатлений, ребята получили много полезной и важной информации, которая им понадобится в дальнейшей жизни для того чтобы избежать возникновения возгорания.

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    11.06.2025

    Нептун күні.День Нептуна.

    “Алтын достар” лагеріндегі Нептун күні! 

    Нептун күні — бұл нағыз шаттыққа, күлкіге толы су мерекесі! 

    Балалар айбынды Нептунмен кездесті, көңілді сайыстарға қатысты және, әрине, нағыз су шайқасын ұйымдастырды! 

    День Нептуна в "Алтын достар"!

    День Нептуна — это море веселья, смеха и настоящий водный праздник! 

    Ребята встретились с могучим Нептуном участвовали в весёлых конкурсах и, конечно, устроили настоящий водный бой! 

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    11.06.2025

    Бейнелеу өнері мұражайына саяхат.Экскурсия в музей ИЗО.

    Бүгін біздің «Алтын достар» лагерінің балалары бейнелеу өнері мұражайында болды.

    Балаларды мазмұнды күн күтіп тұрды:

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран туралы, олардың мәні мен тарихы жайлы танымдық әңгіме; Әр суреті өз тарихын баяндайтын фотозал бойынша экскурсия ұйымдастырылды;

    Сонымен қатар, жас қонақтар сурет залында шабыт алып, өз әсерлерімен бөлісті.

    Сегодня наши ребята из лагеря «Алтын достар» побывали в музее изобразительного искусства. Детей ждал насыщенный день:

    познавательная беседа о государственных символах Республики Казахстан — о Флаге, Гербе и Гимне, их значении и истории;

    экскурсия по фотозалу, где каждый кадр рассказывает свою уникальную историю и, конечно же, зал с рисунками, где юные гости вдохновлялись творчеством и делились своими впечатлениями. ‎

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    10.06.2025

    Қазақтың ұлттық ойындары фестивалі. Фестиваль казахских национальных игр.

    Бүгін «Алтын достар» мектеп жанындағы жазғы лагерінде қазақтың ұлттық ойындары фестивалі өтті!

    Балалар асық ату, тымақ ұру, арқан тартыс, қазақша күрес сынды ұлттық ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты! 

    Бұл күн тек қана белсенді жарыстар күні емес, сонымен қатар қазақ халқының бай мәдениетімен терең танысуға мүмкіндік берген күн болды.

    Сегодня в пришкольном летнем лагере «Алтын достар» прошёл фестиваль казахских национальных игр!

    Ребята с большим интересом участвовали в таких играх, как асық ату, тұмақ ұру, арқан тартыс, қазақша күрес и других!

    Это был не только день активных соревнований, но и глубокого знакомства с богатой культурой казахского народа.

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert