Новости сайта
Полный текст "Новости сайта"Кинотеатрға бару.Поездка в кинотеатр.
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6 «А», 9 «А» және 9 «Б» сынып білім алушылары анимация әлеміне қызықты саяхат жасап, «SaryZhaylau cinema» кинотеатрына барды. Балалар «Супер Марио: Галактикалық кино» атты әсерлі жаңа фильмді тамашалады. Біздің тәрбиеленушілер үшін мұндай шара – тек қызықты кейіпкерлермен кездесу ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау және кейіпкерлерге жанашырлық таныту дағдыларын қалыптастыратын маңызды тәжірибе. Марионың галактикалық оқиғалары балаларға жарқын әсер сыйлап, шынайы күлкі мен қайтар жол бойы толастамаған қызықты әңгімелерге себеп болды.
Жылы қарсы алғандары және сиқырлы атмосфераға бөленуге мүмкіндік жасағандары үшін @til.madeniet.sport.garagandy мекемесіне және @saryzhaylau_cinema кинотеатры ұжымына алғысымызды білдіреміз!
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» обучающиеся 6 «А», 9 «А» и 9 «Б» классов совершили увлекательное путешествие в мир анимации, посетив кинотеатр «SaryZhaylau cinema». Ребята посмотрели захватывающую новинку - фильм «Супер Марио: Галактическое кино». Для наших воспитанников такой выход — это не только встреча с интересными героями, но и важный урок общения, поведения в общественных местах и умения сопереживать персонажам. Галактические приключения Марио подарили детям массу ярких впечатлений, искренний смех и обсуждения, которые не умолкали весь обратный путь. Выражаем благодарность @til.madeniet.sport.garagandy и коллективу кинотеатра @saryzhaylau_cinema за теплый прием и возможность окунуться в атмосферу волшебства!
#адал_азамат
«Не книжные закладки», «Хулиганка» деректі фильмдерін көру.
https://youtu.be/StRfj6YwhZY?si=KS58LB2LO7TJZevi
21 сәуір күні мектеп-интернатында 9-10 сынып тәрбиеленушілері үшін «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға Саран қаласының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А. Б. Жабықбаев, полиция аға лейтенанты Ж. В. Хан, сондай-ақ КМЗ жанындағы «Саран қаласының ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның психолог-маманы О. В. Шевкунова қатысты. Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында болды. Көрсетілімнен кейін білім алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
21 апреля в школе-интернате для воспитанников 9–10 классов был организован просмотр документальных фильмов «Не книжные закладки» и «Хулиганка». На мероприятии присутствовали старший оперуполномоченный г. Сарани, старший лейтенант полиции Жабыкбаев А.Б., старший лейтенант полиции Хан Ж.В., а также специалист-психолог КМЗ при ОП КГП на ПВХ «Больница г. Сарани» Шевкунова О.В. Мероприятие было направлено на профилактику правонарушений среди несовершеннолетних и формирование правовой ответственности. После просмотра проведена разъяснительная беседа с обучающимися.
#адал_азамат
#аутизм
https://youtu.be/-h-HwUN1NMM?si=fZBX5hFEV7Rew491
#аутизмудетей
#аутизм
#адал_азамат
Халықаралық мәдениет күні.Международный день культуры.
https://youtu.be/pPnh1bUYbaM?si=UWLUFtELNNM21Dj-
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында «Халықаралық мәдениет күні» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты - тәрбиеленушілердің бойында халықтардың мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту және дүниетанымдарын кеңейту болды.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» в школе- интернате было проведено внеклассное мероприятие «Международный день культуры». Целью мероприятия стало формирование у воспитанников уважения к культурному наследию народов, развитие духовно-нравственных ценностей и расширение кругозора.
#адал_азамат
«Әлем балалар көзімен» сурет байқауы.Конкурс рисунков «Мир глазами детей».
https://youtu.be/VQDA7U-FYNQ?si=2ylwFWhOM98gxMsh
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында аутизм белгілері бар балаларды қолдау айлығына орай «Әлем балалар көзімен» атты сурет байқауы өтті. Байқау балалардың қиялын ұштауға және қоршаған ортаға деген ерекше көзқарастарын ашуға бағытталған. Тәрбиеленушілер өз жұмыстарында мейірімділік, достық, отбасы, табиғат және болашақ тақырыптарын бейнеледі.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» в школе- интернате был проведен конкурс рисунков «Мир глазами детей», приуроченный к месячнику поддержки детей с аутизмом. Направленный на раскрытие детского воображения и уникального взгляда на окружающий мир. Воспитанники передавали в своих работах темы добра, дружбы, семьи, природы и будущего.
#адал_азамат
Кәсіби сынамалар.Профпробы.
https://youtu.be/JqnNKX3ARpc?si=DMMXnUKpppEch2M7
Болашақты құратын мамандықтар!
15 сәуір күні түлектеріміз өмірлік жолды таңдау марафонын жалғастырып, Қарағанды агротехникалық колледжіне барды. Өндірістік оқыту шеберлері колледжде оқытылатын мамандықтар туралы таныстырды: автокөліктерді жөндеу слесарі, тракторист-машинист, электргаздәнекерлеуші, аспаз және кондитер-әшекейлеуші. Ең әсерлі сәт - дәнекерлеу ісі бойынша практикалық шеберлік сабағы болды. Экскурсия балаларға колледждің тек теория ғана емес, нақты кәсіби шеберлікті шыңдауға мүмкіндік беретін орын екенін көрсетті. Қарағанды агротехникалық колледжіне кәсібилігі, төзімділігі және балаларымызға сыйлаған шабыттары үшін алғысымызды білдіреміз! @2KATK
Профессии, которые строят будущее!
15 апреля наши выпускники продолжили свой марафон по выбору жизненного пути и посетили Карагандинский агротехнический колледж. Мастера производственного обучения рассказали о специальностях, которым обучают в колледже: слесарь по ремонту автомобилей, тракторист-машинист, электрогазосварщик, повар и кондитер-оформитель. Самым ярким моментом стал практический мастер-класс по сварочному делу. Экскурсия показала ребятам, что колледж - это место, где учат не только теории, но и дают в руки реальное ремесло. Благодарим Карагандинский агротехнический колледж за профессионализм, терпение и вдохновение, которое вы подарили нашим детям! @2KATK
#адал_азамат
Профилактикалық әңгіме.Профилактическая беседа.
https://youtu.be/9hTuvaDO480?si=6-uAAXJG26ZGTfPy
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында Саран қаласының ПБ ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.В. Хан құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгімелесу өткізді. Кездесу барысында мінез-құлық нормалары, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, сондай-ақ қоғамдық орындарда болу ережелері мен кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 23:00-ден кейін ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына тыйым салу және осы талапты бұзудың ықтимал салдары түсіндірілді. Әңгіме жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
В рамках реализации единой программы воспитания “Адал Азамат” в школе – интернате старшим лейтенантом полиции УИП ГЮП ООБ г.Сарани Хан Ж.В. проведена профилактическая беседа направленная на предупреждение правонарушений, безнадзорности и беспризорности. Разъяснены нормы поведения, ответственность за противоправные действия, а также правила нахождения в общественных местах и запрету пребывания несовершеннолетних вне дома после 23:00 без сопровождения взрослых и возможным последствиям нарушения данного требования. Беседа направлена на формирование правовой грамотности и безопасного поведения подростков.
#адал_азамат
Демалыс күнгі топ тәрбиеленушілерінің бос уақыты.Досуг воспитанников группы выходного дня.
https://youtu.be/1CCwnERCjD8?si=8Dm60e5WOrQu4g2i
Демалыс күнгі топта мектеп-интернатының тәрбиеленушілері таза ауада тамаша күн өткізді .Балалар қаланың көрікті көшелерімен серуендеп, жылы атмосфера мен көктемгі көңіл күйден ерекше әсер алды. Тәрбиеленушілер стадионға барып, онда ойнап, белсенді түрде уақыттарын өткізді. Ерекше қуаныш сыйлаған — кеме үлгісіндегі ойын алаңы болды балалар сырғанақта сырғанап, әткеншек теуіп, мәз-мейрам болды. Сондай-ақ тәрбиеленушілер орталық саябаққа барып, онда орналасқан «Ана мен балаға тағзым» ескерткішін көрді. Балалар табиғатты бақылап, тынығып, жайлы әрі тыныш ортада демалып қайтты. Бұл күн барлығына көтеріңкі көңіл күй, шаттық пен жағымды эмоциялар сыйлады.
В группе выходного дня воспитанники школы-интерната провели замечательный день на свежем воздухе. Ребята отправились на прогулку по красочным улицам города, наслаждаясь тёплой атмосферой и весенним настроением. Дети посетили стадион, где с удовольствием играли и активно проводили время.Особую радость вызвала игровая площадка в виде корабля — там ребята катались с горок, качались на качелях и весело смеялись.Также воспитанники побывали в центральном парке где установлен памятник «В память матери и ребёнку», где дети смогли отдохнуть, понаблюдать за природой и просто насладиться спокойной обстановкой. Этот день подарил всем много положительных эмоций, улыбок и хорошее настроение.
#адал_азамат
Интерактивті кездесу.Интерактивная встреча.
https://youtu.be/uOPYM-OKXdI?si=ru5jhuATNdSnGH87
АПҚО жұмысы аясында мектеп-интернатында логопед мұғалімдер В. В. Осыко, Е. В. Копбаева ата-аналармен «Дыбыстар мен әріптер елі» тақырыбында «Зейінді бақылаушылар клубы» форматында интерактивті кездесу өткізді. Қатысушылар дыбыстан бастап сөйлемге дейінгі жолдан өтіп, логопедиялық тапсырмаларды орындап көрді және өз нәтижелерін балалардың жетістіктерімен салыстырды. Кездесу барысында үй жағдайында баланың сөйлеу тілін ойын түрінде қалай дамытуға болатыны және жүйелі сабақтардың маңыздылығы талқыланды. Ата-аналарға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!
В рамка работы ЦППР в школе-интернате учителя-логопеды ОсыкоВ.В., Копбаева Е.В. провели интерактивную встречу с родителями в формате Клуба Внимательных Наблюдателей «Страна звуков и букв». Участники прошли путь от звука до предложения, попробовали логопедические задания и сравнили свои результаты с успехами детей. Обсудили, как в игровой форме развивать речь дома и почему важны регулярные занятия. Спасибо родителям за активность и вовлечённость!
#адал_азамат

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента