Новости сайта
Полный текст "Новости сайта"#nauryznama2026
https://youtu.be/HV639qrpDJQ?si=PzVg4fWpyioYHwBU
#nauryznama2026
#адал_азамат
Сынып сағаты.Классный час.
https://youtu.be/mZ7GxUCwYME?si=HpU63ecrsTHB0x_m
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында «Наурыз – көктемгі береке-молшылық мерекесі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты мәдени мұраға құрмет көрсетуге тәрбиелеуге, достықты, бірлікті қалыптастыруға және халықтардың дәстүрлеріне оң көзқарасты дамытуға ықпал етті.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» в школе – интернате был проведен классный час: «Наурыз – праздник весеннего благоденствия». Классный час способствовал воспитанию уважения к культурному наследию, формированию дружелюбия, единства и позитивного отношения к традициям народов.
#nauryznama2026
#адал_азамат
#nauryznama2026
https://youtu.be/aoCwrBDJlZo?si=unYGf8g03dclD0lW
#nauryznama2026
#адал_азамат
Бадминтоннан облыстық жарыстар.Областные соревнования по бадминтону.
Қарағанды облысы Білім басқармасының «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында бадминтоннан облыстық жарыстар өтті. Жарыстарға ҚОББ «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ және ҚОББ «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара достық, спорттық бәсекелестік және өзара қолдау атмосферасында өтті.
Жарыстардың төрешісі - «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы, сондай-ақ Қарағанды қ. ОРМБЖМ спортшыларымен бірге жарыстарға қатысып жүрген О. Олиференко болды. Жарыстардың қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын — С. Жұмашева;
2-орын — А. Жұмашева.
Ұлдар арасында:
1-орын — Д. Пономарев;
2-орын — А. Құдайберген;
3-орын — О. Бумажников.
Ұлдар арасындағы жұптық бәсекеде нәтижелер төмендегідей:
1-орын — Д. Пономарев;
2-орын — О. Бумажников және А. Құдайберген;
3-орын — Д. Пискунов және Б. Кайркен.
Жарыстар оқушылар үшін өздерінің спорттық шеберліктерін, жеңіске деген ерік-жігерлерін және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Қатысушылар жақсы дайындық деңгейін көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды және лайықты құрметке ие болды.
Областные соревнования по бадминтону прошли на базе КГУ «Специальная школа-интернат №9» Управления образования Карагандинской области. В соревнованиях приняли участие воспитанники КГУ «Специальная школа-интернат №4» УО КО и КГУ «Специальная школа-интернат №9» УО КО. Мероприятие прошло в атмосфере дружбы, спортивного соперничества и взаимной поддержки.
Судьёй соревнований выступил обучающийся КГУ «Специальная школа-интернат №9» Олиференко О., который также принимает участие в соревнованиях вместе со спортсменами СДЮШОР г. Караганды.
По итогам соревнований среди девочек призовые места распределились следующим образом:
1 место — Жумашева С.;
2 место — Жумашева А.
Среди мальчиков:
1 место — Пономарев Д.;
2 место — Кудайберген А.;
3 место — Бумажников О.
В парных соревнованиях среди мальчиков результаты следующие:
1 место — Пономарев Д.;
2 место — Бумажников О. и Кудайберген А.;
3 место — Пискунов Д. и Каиркен Б.
Соревнования стали отличной возможностью для учащихся продемонстрировать свои спортивные навыки, волю к победе и умение работать в команде. Участники показали хорошую подготовку, а победители и призёры были награждены дипломами и получили заслуженное признание.
#адал_азамат
Кәсіптік бағдар беру жұмысы.Профориентационная работа.
https://youtu.be/SiP6dFl6cog?si=EUZxoCZ58M1_h89G
Мектеп-интернатында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Кездесудің басты мақсаты — мектеп оқушыларын одан әрі білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби өзін-өзі анықтау туралы ақпараттандыру.
Еңбекке баулу бойынша МӘҚ жетекшісі С.А. Вдовицкая мен Саран техникалық колледжінің өкілі, өндірістік оқыту шебері Р.Р. Назипова мектеп пен колледж арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлеуметтік серіктестік жобасын таныстырды. Қатысушыларға оқуға түсу шарттары, кәсіптік білім алудың болашағы және алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды. Кездесу барысында ата-аналар мен оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мектеп-интернатын бітіргеннен кейін оқуды жалғастыру жолдары туралы толық мәлімет алды.
В рамках профориентационной работы в школе-интернате было проведено родительское собрание с участием родителей и обучающихся выпускных 10-х классов. Основной целью встречи стало информирование о возможностях дальнейшего обучения и профессионального самоопределения школьников. Руководитель ШМС трудового обучения Вдовицкая С.А. совместно с представителем СТК Назиповой Р.Р. мастером производственного обучения представили проект социального партнёрства, направленный на развитие сотрудничества между школой и колледжем. Участникам рассказали об условиях поступления, перспективах получения профессионального образования и дальнейшего трудоустройства. В ходе встречи родители и ребята получили возможность задать интересующие их вопросы и подробнее узнать о возможностях продолжения обучения после окончания школы – интерната.
#центрыпедагогическойподдержки
#адал_азамат
Жалпымектептік ата-аналар жиналысы.Общешкольное родительское собрание.
https://youtu.be/veZ9SjUJ-T8?si=-BRbop3RiRTDCGRK
Мектеп-интернатында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатысты өзекті мәселелер қарастырылған жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста Саран қ. криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі М. Е. Майпасов сөз сөйлеп, жаңа буындағы психоактивті заттардың таралуы, кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық мәселесі туралы ақпарат берді, сондай-ақ есірткі заттарын таратуға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді. Сонымен қатар лудомания мен интернет-алаяқтық мәселелері де қозғалды. Медициналық қызметкер Г. М. Кабенова туберкулездің алдын алу және оны ерте анықтау үшін тұрақты медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығын атап өтті. Жастар денсаулық орталығының психологы О. В. Шевкунова жасөспірімдердің жауапты мінез-құлқын қалыптастыруда және ерте жүктіліктің алдын алуда отбасының рөлі туралы әңгіме жүргізді. Әлеуметтік педагог И. Р. Кагарманова ата-аналарға көктемгі демалыс кезеңіне арналған ұсынымдары бар ақпараттық жадынамалар дайындады. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойғаннан кейін, оларға жадынамалар таратылды. Демалыс белсенді және ең бастысы қауіпсіз өтсін!
В школе-интернате прошло общешкольное родительское собрание, на котором были рассмотрены наиболее актуальные вопросы, связанные с безопасностью и здоровьем обучающихся. Старший оперуполномоченный отдела криминальной полиции г. Сарани Майпасов М.Е. выступил с информацией о распространении психоактивных веществ нового поколения, проблеме наркомании среди несовершеннолетних, а также рассказал об уголовной ответственности за участие в сбыте наркотиков. Кроме того, были затронуты темы лудомании и интернет-мошенничества. Медицинская сестра Кабенова Г.М. подчеркнула важность своевременного прохождения регулярных медицинских обследований для предупреждения и раннего выявления туберкулеза. Психолог кабинета Молодёжного центра здоровья Шевкунова О.В. провела беседу, в ходе которой рассказала о значении семьи в формировании ответственного поведения у подростков и профилактике ранней беременности. Социальный педагог Кагарманова И.Р. подготовила для родителей информационные памятки с рекомендациями на период весенних каникул. В завершение родительского собрания родители смогли задать интересующие их вопросы, после чего им были розданы памятки. Пусть каникулы будут активными и, самое главное, безопасными!
#центрыпедагогическойподдержки
#адал_азамат
«Ауылдағы мереке» музыка пәнінен ашық сабақ!Открытый урок музыки «Праздник в ауле»!
https://youtu.be/WtZ4aPNIsVg?si=AhoSyAZFLJGY7BHw
2 «А» сыныбында музыкадан «Ауылдағы мереке» атты ашық сабақ өтті! Балалар қазақтың салт-дәстүрлерінің әлеміне еніп, «Музыкалық лото» ойыны арқылы домбыра мен қобыздың үнімен танысты, Димаш Құдайбергеннің орындауындағы сиқырлы «Қараторғай» әнін тыңдап, «Қара жорға» биін биледі және ерекше ықыласпен мерекелік «Наурыз» әнін шырқады!
Во 2 «А»классе прошёл открытый урок музыки «Праздник в ауле»! Дети погрузились в мир казахских традиций: узнали звучание домбры и кобыза в игре «Музыкальное лото», слушали волшебный «Қараторғай» в исполнении Димаша, танцевали «Қара жорға» и с большим старанием спели праздничную песню «Наурыз»!
#адал_азамат
#nauryznama2026
https://youtu.be/wBF-iEgVg3I?si=ibGXPqPo40DUY7_f
#nauryznama2026
#адал_азамат
#nauryznama2026
https://youtu.be/x6o60Fi9VW4?si=9cjNvBxK0-OutM6-
#nauryznama2026
#адал_азамат

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента