Ресурсный центр
«Қолдың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында танымдық дамытуға арналған түзету-дамыту сабағы.Коррекционно -развивающее занятие по познавательному развитию на тему: «Развитие мелкой моторики рук».
https://youtu.be/Jc5oAxp-KL0?si=SqbrrEnLwU4z3Vzh
24 ақпан күні 5 «Б» сынында Инклюзивті білім беруді қолдау Ресурстық орталығының жұмыс жоспары аясында және пән апталығы шеңберінде «Қолдың ұсақ моторикасын дамыту» атты түзету-дамыту сабағы өткізілді. Мақсаты — практикалық және ойын тапсырмалары арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту: түске, пішінге және өлшемге қарай сұрыптау, контур бойынша орналастыру және мұғалім үлгісі бойынша жұмыс жасау. Ерекше назар дербестік пен танымдық қызығушылықты дамытуға аударылды.
24 февраля в 5 «Б» классе в рамках плана работы Ресурсного центра по поддержке инклюзии и предметной недели прошло коррекционно-развивающее занятие «Развитие мелкой моторики рук». Цель — развитие мелкой моторики через практические и игровые задания: сортировку по цвету, форме и размеру, выкладывание по контуру и работу по образцу учителя. Особое внимание уделялось развитию самостоятельности и познавательного интереса.
#РесурсныйЦентр #УМЦРОКО #ИнклюзивноеОбразование #адал_азамат
«Заттарды атау және оларды кім? не? сұрақтары арқылы ажырату» ашық сабақ. Открытый урок «Называние предметов и различение их по вопросам кто? что?».
17 ақпан күні «Білім ізденісінде» пән апталығы аясында және Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі Ресурстық орталықтың жоспарына сәйкес 2-сыныпта «Заттарды атау және оларды кім? не? сұрақтары арқылы ажырату» тақырыбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Педагог И. К. Михайличенко білім алушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, түрлі түзету-дамыту жаттығулары мен сараланған тапсырмаларды қолданды. Сабақ барысында білім алушылардың сөйлеу тілін, зейінін және ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ инклюзивті білім беру үдерісін қолдауға бағытталған әртүрлі жұмыс түрлері пайдаланылды. Балалар тақтада, дәптерде және ойын тапсырмаларын орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті, сұрақтарға белсенді жауап беріп, жаңа материалға қызығушылық танытты. Сабақ жылы, жағымды эмоционалдық ахуалда өтті. Іс-шараға келген қонақтар педагог пен білім алушыларға сапалы дайындықтары және ашық сабақты жоғары деңгейде өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.
17 февраля в рамках предметной недели «Мы в поиске знаний» и по плану Ресурсного центра по поддержке инклюзии состоялся открытый урок русского языка во 2 классе на тему: «Называние предметов и различение их по вопросам кто? что?».
Педагог Михайличенко И.К. познакомила обучающихся с новой темой, используя разнообразные коррекционные упражнения и дифференцированные задания. В ходе урока были применены различные формы работы, направленные на развитие речи, внимания и мышления обучающихся, а также на поддержку инклюзивного образовательного процесса.
Ребята продемонстрировали свои умения работать у доски, в тетрадях и в игровых заданиях, активно отвечали на вопросы и проявляли интерес к изучаемому материалу. Урок прошёл в тёплой, эмоционально-положительной обстановке.
Гости мероприятия поблагодарили педагога и обучающихся за качественную подготовку и высокий уровень проведения открытого урока.
#адал_азамат
«Арнайы мектеп-интернатының жағдайындағы жобалық қызмет» онлайн-кездесу.Онлайн-встреча «Проектная деятельность в условиях специальной школы-интерната».
Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі Ресурстық орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес «Арнайы мектеп-интернатының жағдайындағы жобалық қызмет» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған арнайы мектеп-интернатында жобалық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды. Арнайы білім беру жағдайында жобалық қызметтің айқын түзете-дамыту бағыттылығы болатыны және ол зиятында бұзылысы бар әрбір баланың дамуындағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылатыны атап өтілді. Кездесуге қатысушылар тәжірибе алмасып, жобалық қызметті ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістерін, сондай-ақ оны балалардың жеке білім беру қажеттіліктеріне сәйкес бейімдеу мүмкіндіктерін талқылады.
В соответствии с планом работы Ресурсного центра по поддержке инклюзии состоялась онлайн-встреча на тему «Проектная деятельность в условиях специальной школы-интерната». В ходе встречи были рассмотрены особенности организации проектной деятельности в специальной школе-интернате для обучающихся с особыми образовательными потребностями. Отмечено, что в условиях специального образования проектная деятельность приобретает выраженную коррекционно-развивающую направленность и строится с учётом индивидуальных особенностей развития каждого ребёнка с нарушением интеллекта.
Участники встречи обменялись практическим опытом, обсудили эффективные формы и методы организации проектной деятельности, а также возможности её адаптации с учётом индивидуальных образовательных потребностей детей.
#РесурсныйЦентр #УМЦРОКО #ИнклюзивноеОбразование
Информационный буклет ШМС КРО.
Меңің Қазақстаным. Мой Казахстан.
https://youtu.be/zEQOvNfOtqY?si=NNHf_-beHF4c-aB1
5 ақпанда пән апталығының аясында және инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық орталықтың жоспарына сәйкес мектеп-интернатында Отанға деген сүйіспеншілікті, оның мәдениеті мен заманауи мүмкіндіктерін дәріптеуге арналған «Менің Қазақстаным» атты жарқын әрі есте қаларлық іс-шара өтті. Іс-шараны педагогтер Н. Л. Семенюта мен Р. И. Мамедова өткізді.
Мерекелік көңіл күйді қатысушылардың өздері жасаған өнер көрсетулері ерекше толықтырды: балалар педагог - дефектолог Н. Л. Семенютаның әні мен сөзіне жазылған мектеп гимнін орындады. Бұл іс-шара бірлік пен шығармашылықтың, өз мектебіне және өз еліне деген шынайы мақтаныштың символына айналды.
5 февраля в рамках предметной недели и по плану ресурсного центра по поддержке инклюзии в школе -интернате прошло яркое и запоминающееся мероприятие «Мой Казахстан», посвящённое любви к Родине, её культуре и современным возможностям. Его провели педагоги Семенюта Н.Л. и Мамедова Р.И. Особую атмосферу праздника создало выступление самих участников: дети исполнили гимн школы, слова и музыку к которому написал педагог- дефектолог Семенюта Н. Л. Это мероприятие стало символом единства, творчества и искренней гордости за свою школу и свою страну.
#адал_азамат
«Инклюзияны паралимпиадалық бочча спорты арқылы дамыту» тақырыбында шеберлік. Мастер-класс «Инклюзия через паралимпийский вид спорта бочча».
30 қаңтар күні инклюзияны қолдауға арналған ресурстық орталық аясында «Инклюзияны паралимпиадалық бочча спорты арқылы дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабақтың мақсаты — педагогтердің паралимпиадалық бочча спорт түрін пайдалану арқылы инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
30 января в рамках ресурсного центра по поддержке инклюзии был проведён мастер-класс «Инклюзия через паралимпийский вид спорта бочча», целью которого стало повышение профессиональной компетентности педагогов в области организации инклюзивной образовательной среды посредством использования паралимпийского вида спорта бочча.
#адал_азамат
Практикалық семинар.Практический семинар.
2026 жылғы 28 қаңтарда мектеп-интернатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын «Шабыт» әлеуметтік жобасы арқылы жүзеге асыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді. Семинардың практикалық бөлімінде қауіпсіздік мәселелеріне арналған сыныптан тыс іс-шаралар көрсетіліп, сондай-ақ мектеп-интернатындағы қосымша білім беру үйірмелерімен жүргізілетін жұмыс жүйесі таныстырылды. Бұл семинарға қатысушыларға тәрбие жұмысының сабақтастығы мен нәтижелілігін көруге мүмкіндік берді. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Шығармашылық студиясы» шеберлік сабақтары тудырды. Шеберлік сабақтары барысында педагогтер ұжымдық шығармашылық қызметке белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен және заманауи педагогикалық жаңашылдықтарымен бөлісті. Семинар «Шексіз шығармашылық» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концерт барысында тәрбиеленушілер өздерінің таланттарын, шығармашылық қабілеттерін, артистік шеберліктерін және өзіне деген сенімділіктерін көрсетті. Жарқын қойылымдар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Шабыт» әлеуметтік жобасының тиімді жүзеге асырылып жатқанын айқын дәлелдеді. Рефлексия қорытындысы бойынша семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. 28 января 2026 года в школе-интернате был проведён областной практический семинар на тему: «Реализация единой программы воспитания «Адал азамат» через социальный проект «Шабыт». В практической части были продемонстрированы внеклассные мероприятия по вопросам безопасности, а также представлена система работы школы-интерната с кружками дополнительного образования, что позволило участникам семинара увидеть преемственность и результативность воспитательной деятельности школы - интерната. Особый интерес вызвали мастер-классы «Студии творчества», в ходе которых педагоги на практике проявили себя в коллективной творческой деятельности, обменялись опытом и современными педагогическими находками. Завершился семинар концертной программой «Творчество без границ», в которой воспитанники продемонстрировали свои таланты, творческие способности, артистизм и уверенность в себе. Яркие выступления стали наглядным подтверждением эффективности реализации единой программы воспитания «Адал азамат» и социального проекта «Шабыт». По итогам рефлексии семинар получил высокую оценку со стороны участников. #адал_азамат
Информационный буклет ШМС ЕМО.
«Мектептен мамандыққа: ЕББ қажет ететін білім алушыларға кәсіптік бағдар берудің тиімді тәжірибесі” атты дөңгелек үстел. Круглый стол «От школы к профессии: эффективные практики профориентации обучающихся с ООП».
5 қаңтарда ҚОББ «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің базасында инклюзияны қолдау жөніндегі Ресурс орталығы аясында «Мектептен – мамандыққа: ЕББҚ бар білім алушыларды кәсіби бағдарлаудың тиімді тәжірибелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Кездесу барысында мамандар ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың өзін-өзі кәсіптік анықтау мәселелерін, мектеп-интернат пен колледж арасындағы сабақтастықты, сондай-ақ ЕББҚ бар білім алушылар мен студенттерді сүйемелдеудің тиімді нысандарын талқылады. Отырысқа Саран қаласының және Қарағанды облысының колледж өкілдері, мектеп-интернатының мамандары, сондай-ақ Саран қаласының жалпы білім беретін мектеп педагогтері қатысты. Білім берудегі сабақтастық, ЕББҚ бар білім алушылар мен студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдері қарастырылды.
Іс-шара кәсіби диалог пен практикалық тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.
5 января на базе КГУ «Специальная школа-интернат № 9» в рамках Ресурсного центра по поддержке инклюзии проведено заседание круглого стола на тему «От школы к профессии: эффективные практики профориентации обучающихся с ООП».
В ходе встречи специалисты обсудили вопросы профессионального самоопределения обучающихся с особыми образовательными потребностями, преемственности между школой-интернатом и колледжем, а также эффективные формы сопровождения обучающихся и студентов с ООП. В заседании приняли участие представители колледжей города Сарани и Карагандинской области, специалисты школы-интерната и педагоги общеобразовательных школ города Сарани. Были рассмотрены вопросы преемственности образования, психолого-педагогического сопровождения обучающихся и студентов с ООП, а также эффективные формы взаимодействия образовательных организаций.
Мероприятие стало эффективной площадкой для профессионального диалога и обмена практическим опытом.

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента