22.10.2025

Ашық есік күні.День открытых дверей.

ҚОББ «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де 2025 жылдың 22 қазан күні Саран қаласының жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек пен қолдау көрсетуге арналған Ресурстық орталықтың қызметі аясында «Ашық есік күні» өтті.@meirzhan_syzdykov @bahyt_himaldin @inclusive_krg Іс-шараның мақсаты — оқу-тәрбие үдерісіне түзету-дамыту технологияларын енгізу бойынша педагогтердің тәжірибесін ұсыну, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу жағдайларының ұйымдастырылуын көрсету. 

Іс-шара аясында мектеп-интернатының базасында қалалық ББ әдіскері, №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің директоры мен әдіскері, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар және жалпы білім беретін мектептердің мамандары (психологтар, логопедтер, дефектологтар) қатысты.

Арнайы мектеп-интернатындағы «Ашық есік күні» тек ақпараттық сипаттағы шара ғана емес, сонымен қатар Саран қаласының білім бөлімі мен жалпы білім беретін ұйымдар арасындағы байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаң болды. 

Іс-шара жайлы әрі іскерлік атмосферада өтті. Әріптестер бүкіл іс-шара барысында белсенділік пен қызығушылық танытты. Мектеп-интернаты мамандарының ұсынған тәжірибесі барлық педагогикалық қызметкерлер үшін пайдалы болды, бұл өз кезегінде «Ашық есік күні» туралы қатысушылардың оң пікірлерінен айқын көрініс тапты.

В КГУ «Специальная школа-интернат №9» УОКО 22 октября 2025 года состоялся День открытых дверей, организованный в рамках деятельности Ресурсного центра по поддержке и оказанию методической помощи педагогам общеобразовательных школ города Сарани. @meirzhan_syzdykov @bahyt_himaldin @inclusive_krg Цель мероприятия — представить опыт работы педагогов по внедрению коррекционно-развивающих технологий в учебно-воспитательном процессе, а также показать организацию условий для обучения, развития, воспитания и социальной адаптации детей с особыми образовательными потребностями.

В рамках мероприятия на базе школы – интерната приняли участие методист ГорОО, директор и методист кабинета психолого-педагогической коррекции №8, заместители директоров по учебной работе и специалисты (психологи, логопеды, дефектологи) общеобразовательных школ.

День открытых дверей в школе – интернате стал не только информационным мероприятием, но и важной платформой для укрепления связи с городским отделом образования и общеобразовательными организациями города Сарани.

Мероприятие прошло в уютной, деловой атмосфере. Коллеги проявляли активность и интерес на протяжении всего мероприятия. Представленный опыт работы специалистов школы – интерната был полезен всем педагогическим работникам, что нашло свое отражение в положительных отзывах о Дне открытых дверей.

#адал_азамат