Практикалық семинар.Практический семинар.
2026 жылғы 28 қаңтарда мектеп-интернатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын «Шабыт» әлеуметтік жобасы арқылы жүзеге асыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді. Семинардың практикалық бөлімінде қауіпсіздік мәселелеріне арналған сыныптан тыс іс-шаралар көрсетіліп, сондай-ақ мектеп-интернатындағы қосымша білім беру үйірмелерімен жүргізілетін жұмыс жүйесі таныстырылды. Бұл семинарға қатысушыларға тәрбие жұмысының сабақтастығы мен нәтижелілігін көруге мүмкіндік берді. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Шығармашылық студиясы» шеберлік сабақтары тудырды. Шеберлік сабақтары барысында педагогтер ұжымдық шығармашылық қызметке белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен және заманауи педагогикалық жаңашылдықтарымен бөлісті.
Семинар «Шексіз шығармашылық» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концерт барысында тәрбиеленушілер өздерінің таланттарын, шығармашылық қабілеттерін, артистік шеберліктерін және өзіне деген сенімділіктерін көрсетті. Жарқын қойылымдар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Шабыт» әлеуметтік жобасының тиімді жүзеге асырылып жатқанын айқын дәлелдеді. Рефлексия қорытындысы бойынша семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
28 января 2026 года в школе-интернате был проведён областной практический семинар на тему: «Реализация единой программы воспитания «Адал азамат» через социальный проект «Шабыт». В практической части были продемонстрированы внеклассные мероприятия по вопросам безопасности, а также представлена система работы школы-интерната с кружками дополнительного образования, что позволило участникам семинара увидеть преемственность и результативность воспитательной деятельности школы - интерната. Особый интерес вызвали мастер-классы «Студии творчества», в ходе которых педагоги на практике проявили себя в коллективной творческой деятельности, обменялись опытом и современными педагогическими находками. Завершился семинар концертной программой «Творчество без границ», в которой воспитанники продемонстрировали свои таланты, творческие способности, артистизм и уверенность в себе. Яркие выступления стали наглядным подтверждением эффективности реализации единой программы воспитания «Адал азамат» и социального проекта «Шабыт». По итогам рефлексии семинар получил высокую оценку со стороны участников.
#РесурсныйЦентр #УМЦРОКО #ИнклюзивноеОбразование #ГородскойСеминар

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022