«Сені сүйемін, менің қазақстаным!» «Люблю тебя, мой Казахстан!» — мектеп мұражайында әңгімелесу.«Сені сүйемін, менің қазақстаным!» «Люблю тебя, мой Казахстан!» —беседа в школьном музее.
Республика күніне орай мектеп музейінде мектеп -интернатының кітапханашысы И. Ю. Кириакиди мен №3 кітапхана филиалының кітапханашысы Л. Н. Ковшовамен бірлесіп тәрбиеленушілерге арналған «Сені сүйемін, менің Қазақстаным!» атты мазмұнды әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырылды. Музейдің жайлы атмосферасында балалар еліміздің тарих беттеріне саяхат жасады. Қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасын танытатын жәдігерлер: тұрмыстық заттар, киіз үйдің жабдықтары, әйелдердің ұлттық әшекейлері, мемлекеттік рәміздер және елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достығына арналған материалдар ұсынылды.
Әңгімелесу барысында тәуелсіздіктің қалыптасуы, дәстүрлер, бірлік пен өзара сыйластық туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Бұл қасиеттер — бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан Қазақстан халқын біріктіретін басты құндылықтар екені атап өтілді.
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті. Балалар Отан туралы көптеген жаңа мағлұмат алып қана қоймай, өз елінің бай тарихы мен мәдениетіне деген мақтанышты сезінді.
Ко Дню Республики Казахстан для обучающихся в школьном музее прошло яркое и познавательное мероприятие «Люблю тебя, мой Казахстан!», организованное совместно с библиотекарем школы-интерната Кириакиди И.Ю. и библиотекарем библиотеки-филиала №3 Ковшовой Л.Н. В уютной атмосфере музея ребята отправились в небольшое путешествие по страницам истории нашей страны. Гостям были представлены экспонаты, отражающие богатое культурное наследие Казахстана: предметы быта, элементы убранства юрты, женские национальные украшения, символика и материалы, посвящённые дружбе народов, проживающих в Казахстане.
Беседа сопровождалась рассказами о становлении независимости, о традициях, единстве и взаимном уважении, которые объединяют людей разных национальностей под одним солнечным небом Казахстана. Мероприятие прошло в тёплой, доброжелательной атмосфере. Ребята не только узнали много нового о Родине, но и почувствовали гордость за то, что живут в стране с богатой историей, культурой и добрыми традициями.
#адал_азамат #RepublicDay #25қазан #Декларация35жыл #МойКазахстан #МеніңҚазақстаным

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022