Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
14.05.2024

Тәрбие сағаты “Гигиена - біздің көмекшіміз”

Салауатты өмір салты апталығының аясында мектеп - интернатында тәрбиеші Г.Е. Мақсатбаева 1 “Ә” сынып тәрбиеленушілерімен “Гигиена біздің көмекшіміз” атты әңгіме өткізді. Іс - шара бейнеролик тамашалаудан басталып, балаларға денсаулық сақтау туралы сұрақтар қойылды. Балаларға әңгімелесуге Жалқаубек қонаққа келіп, олармен “Тіске пайдалы, зиянды заттар”, “Тіс пастасымен жұмыс”, “Қол жуу ережелері” сияқты практикалық ойындар ойнады. Әңгімелесу соңында балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, Жалқаубекке таза жүру туралы нұсқаулар ұсынылды. Әңгіме денсаулықтың адамға маңызды екенін балаларға түсіндіріп қана қоймай, тазалық сақтауға, салауатты өмір салтын және жеке басының гигиенасын ұстануға көмектеседі. Тәрбиеленушілер әңгімеге белсенді қатысты. Балаларға іс - шара өте қызықты, танымды болды.

#Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие