Жалпы мектеп жиыны. Общешкольная линейка.
1 қыркүйек – оқу жылының басталуы. Бұл кітаптардың, гүлдердің, достардың, күлкілердің мерекесі! Жаңа оқу жылын бастау үшін мектебіміздің есігі тағы да айқара ашылды. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін көптен күткен күн. Салтанатты жиында даналығымен көп жылдарын мектепке арнаған Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, педагогикалық еңбек ардагері Гуреева М.И. баршаға шығармашылық даму мен табыс тілеп құттықтау сөзін сөйледі. Жаңа оқу жылы баршаға жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа, жетістіктерге бай болсын!
1 сентября – начало учебного года. Это праздник книг, цветов, друзей, улыбок, света! Двери нашей школы вновь распахнулись, чтобы дать старт новому учебному году. Это самый долгожданный день для тех, кто переступит впервые школьный порог. На торжественной линейке со словами поздравления и мудрым напутствием обучающимся выступила отличник народного образования Каз.ССР, ветеран педагогического труда Гуреева М. И., которая много лет отдала школе и пожелала всем творческого развития и успехов. Пусть новый учебный год станет для всех плодотворным и богатым на знания, открытия, творчество и достижения!