Профилактикалық дәріс.Профилактическая лекция.
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында келесі тақырыптар бойынша профилактикалық дәріс өткізілді: есірткі қылмысы және оның салдары; дропперлік және кәмелетке толмағандарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту; интернет-алаяқтық және киберқауіпсіздік; кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы; ерте жүктіліктің алдын алу. Дәрісті Саран қаласының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Н. К. Бакиров жүргізді. Кездесу барысында білім алушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары, жауапкершілік шаралары, сондай-ақ алаяқтық схемалар мен қылмыстық әрекеттерден қорғану жолдары түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан құзыретті жауаптар алды. Осындай іс-шаралар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және қазіргі қоғамда қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» в школе-интернате проведена профилактическая лекция на темы: наркопреступность и её последствия; дроперство и вовлечение несовершеннолетних в незаконные финансовые схемы; интернет-мошенничество и кибербезопасность; половая неприкосновенность несовершеннолетних; профилактика ранней беременности старшим оперуполномоченным отделом криминальной полиции г. Сарани Бакировым Н. К. В ходе встречи обучающимся разъяснили правовые последствия противоправных действий, меры ответственности, а также способы защиты от мошеннических схем и преступных посягательств. Ребята смогли задать интересующие вопросы и получить компетентные ответы специалиста.Подобные мероприятия способствуют формированию правовой грамотности, ответственности за свои поступки и безопасного поведения в современном обществе.
#адал_азамат

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022