Шығармашылық байқау. Творческий конкурс.
11.11.26 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері XXV облыстық «ЖЕҢІС ШАБЫТЫ» шығармашылық және спорт фестиваліне «Вокал», «Көркем сөз» және «Би өнері» номинациялары бойынша шығармашылық байқауларға белсенді қатысты. Балалар өздерінің таланттарын, әртістік шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және жаңа жетістіктерге деген ұмтылыстарын көрсетті. Мектеп-интернатының әкімшілігі мен ұжымы балаларды фестивальге апару үшін көлікпен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көмек көрсеткені үшін @dva_kolca_kz ұжымына алғыс білдіреді. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіздің арқасында балалар фестивальге қатысуға, өз таланттарын көрсетуге және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік алды.Балаларға деген қамқорлықтарыңыз, қолдауларыңыз және шынайы мейірімдеріңіз үшін алғыс айтамыз!
11.11.2026 воспитанники школы-интерната приняли активное участие в XXV областном фестивале творчества и спорта «ЖЕҢІС ШАБЫТЫ» в творческих конкурсах по номинациям: «Вокал», «Художественное слово» и «Танцевальное искусство». Ребята продемонстрировали свои таланты, артистизм, творческие способности и стремление к новым достижениям. Администрация и коллектив школы – интерната выражает благодарность @dva_kolca_kz за оказанную благотворительную помощь в виде предоставления транспорта для поездки детей на фестиваль. Благодаря вашему неравнодушию и доброте у детей появилась возможность принять участие в фестивале, проявить свои таланты и получить незабываемые впечатления. Спасибо за внимание к детям, отзывчивость и искреннюю доброту!
#адал_азамат

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022