Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
01.06.2025

«Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды.В Акорде провели экскурсию для детей.

«Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды.  Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар келді. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де болды. Экскурсия кезінде оқушылар Ақорданың орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын, сондай-ақ резиденция аумағындағы бақты аралады. Экскурсоводтар ғимарат құрылысының тарихы, оның ерекшеліктері мен мұнда өтетін іс-шараларға байланысты қызықты фактілер жайында мәлімет берді. Сонымен қатар оқушыларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.  Өңірлерден келген балалар елорданың көрікті орындарын да аралайды. Биыл Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар алгоритмі «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасына сай түзілді. 22 мамырдан басталып 1 маусымға дейін жалғасатын онкүндік аясында отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім беру, бала құқығын қорғау секілді маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Ел аумағында отбасылық, ағартушылық, қайырымдылық бағыттарындағы рәсімдер, көрмелер, спорттық турнирлер, экологиялықакциялар, дәрігерлер мен психологтардың қабылдаулары ұйымдастырылды. Декаданың бір күні цифрлық технологияларды ілгерілетуге және цифрлық ортада балаларды қорғауға арналды

В Акорде провели экскурсию для детей. В Международный день защиты детей – 1 июня Акорду посетили дети из всех регионов страны.  В резиденции Президента Республики Казахстан побывали отличники учебы, победители предметных олимпиад, республиканских и международных конкурсов, призеры спортивных соревнований, дети, совершившие героические поступки. Среди гостей были учащиеся из многодетных семей, оставшиеся без попечения родителей, а также дети с особыми потребностями.  В ходе экскурсии школьники осмотрели центральный парадный холл Акорды и залы, предназначенные для проведения официальных мероприятий, библиотеку Главы государства, а также сад на территории резиденции.  Детям рассказали об истории строительства здания, его особенностях и интересных фактах, связанных с проводимыми здесь мероприятиями.  В завершение школьникам вручили памятные подарки от имени Президента. Дети из регионов в эти дни по традиции также посещают достопримечательности столицы.  В этом году алгоритм проведения мероприятий, приуроченных к Международному дню защиты детей, выстроен в соответствии с единой концепцией «Дети Казахстана». С 22 мая по 1 июня в течение декады особое внимание было уделено важным темам: семье, безопасности, здоровью, образованию, защите прав ребенка. По всей стране были организованы семейные, образовательные, благотворительные мероприятия, выставки, спортивные турниры, экологические акции, консультации с врачами и психологами, просветительские беседы. Один из дней декады был посвящен вопросам продвижения цифровых технологий и защиты детей в цифровой среде.

t.me/aqorda_resmi