Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
20.01.2025

Дөңгелек үстел: «Саран қаласы білім беру ұйымдарының өзара тиімді әрекеттестігі». Круглый стол: «Эффективное взаимодействие организаций образования города Сарани».

#Repost @stk_saran

Білім беру ұйымдарының ынтымақтастығын дамыту және нығайту мақсатында 20 қаңтарда Саран техникалық колледжінде “Саран қаласының білім беру ұйымдарының тиімді қарым-қатынасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Саран қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.А. Баяндина, жастар ресурстық орталығының басшысы С. Д. Ақанова, Саран қаласы мен Ақтас кентінің мектеп басшылары және кәсіби бағдар берушілер қатысты. 

Іс - шара барысында №9 облыстық арнайы мектеп-интернатының, №6 жалпы білім беретін мектептің және жастар ресурстық орталығының кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпараттары тыңдалды. Саран техникалық колледжі қатысушыларды жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспарымен, мектеп түлектерін кәсіби бағдарлау шеңберіндегі іс-шаралармен таныстырды. Колледж директоры А.М. Есімханова еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтардың ашылу перспективалары және контингенттің ұлғаюы туралы ақпарат берді. Қатысушылар оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау шеңберіндегі білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелерін, перспективалары мен міндеттерін талқылады. Білім беру ұйымдарының басшылары оқушыларды ерте бейімдеудің тиімділігі туралы атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде талқылады.

@obb_qaragandy 

@umckrg 

@saran_bilim_bolimi 

@saran_today