Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
22.04.2026

Кинотеатрға бару.Поездка в кинотеатр.

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6 «А», 9 «А» және 9 «Б» сынып білім алушылары анимация әлеміне қызықты саяхат жасап, «SaryZhaylau cinema» кинотеатрына барды. Балалар «Супер Марио: Галактикалық кино» атты әсерлі жаңа фильмді тамашалады. Біздің тәрбиеленушілер үшін мұндай шара – тек қызықты кейіпкерлермен кездесу ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау және кейіпкерлерге жанашырлық таныту дағдыларын қалыптастыратын маңызды тәжірибе. Марионың галактикалық оқиғалары балаларға жарқын әсер сыйлап, шынайы күлкі мен қайтар жол бойы толастамаған қызықты әңгімелерге себеп болды.

Жылы қарсы алғандары және сиқырлы атмосфераға бөленуге мүмкіндік жасағандары үшін @til.madeniet.sport.qaragandy мекемесіне және @saryzhaylau_cinema кинотеатры ұжымына алғысымызды білдіреміз!

В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» обучающиеся 6 «А», 9 «А» и 9 «Б» классов совершили увлекательное путешествие в мир анимации, посетив кинотеатр «SaryZhaylau cinema». Ребята посмотрели захватывающую новинку - фильм «Супер Марио: Галактическое кино». Для наших воспитанников такой выход — это не только встреча с интересными героями, но и важный урок общения, поведения в общественных местах и умения сопереживать персонажам. Галактические приключения Марио подарили детям массу ярких впечатлений, искренний смех и обсуждения, которые не умолкали весь обратный путь. Выражаем благодарность @til.madeniet.sport.garagandy и коллективу кинотеатра @saryzhaylau_cinema за теплый прием и возможность окунуться в атмосферу волшебства!

#адал_азамат