Кәсіби сынамалар.Профпробы.
9 сәуір күні біздің түлектер мамандықтар әлемімен танысуды жалғастырып, Абай көпсалалы колледжіне барды. Колледж ветеринария, автокөлікті жөндеу және пайдалану, ландшафттық дизайн және агрономия, дәнекерлеу ісі, тамақтандыруды ұйымдастыру бағыттары бойынша білікті мамандар даярлайды. Экскурсияның ең қызықты кезеңі – ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға арналған заманауи жаттығу құрылғыларында өткен кәсіби сынамалар болды. Мұндай экскурсиялар – өз бетінше өмірге дайындықтың маңызды бөлігі. Балалар нағыз шеберханаларды, заманауи құрал-жабдықтарды көріп, кез келген мамандық қызығушылық пен еңбектен басталатынын түсінеді. Абай көпсалалы колледжінің ұжымына кәсібилігі және маңызды, қажетті мамандықтармен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз! @akk_college2
9 апреля наши выпускники продолжили свое знакомство с миром профессий, посетив Абайский многопрофильный колледж. Колледж готовит мастеров своего дела по направлениям: ветеринария, ремонт и эксплуатация автотранспорта, ландшафтный дизайн и агрономия, сварочное дело, организация питания. Самым интересным этапом экскурсии стали профессиональные пробы на современных тренажерах по управлению сельскохозяйственным транспортом. Такие экскурсии - важная часть подготовки к самостоятельной жизни. Ребята видят реальные мастерские, современное оборудование и понимают: любая профессия начинается с интереса и старания.
Выражаем благодарность коллективу Абайского многопрофильного колледжа за профессионализм и возможность прикоснуться к важным и нужным специальностям! @akk_college2
#адал_азамат

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022