Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
10.04.2019

«Латын әліпбиіне көшу заман талабы»

                   «Латын  әліпбиіне  көшу  заман   талабы»

     Елімізде   латын   графикасына   көшу  саяси  жағынан  да , білім  тұрғысынан  да заман   талабына  сай  даму  үшін де өте  маңызды.                                                  Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру » атты  бағдарламалық   мақаласынан   бастау  алған   рухани   жаңғыру  мәселесіне латын  графикасына  ауысу да   қосылды.  Осы тақырып  төңірегінде                  « ДШБ арналған №5  ОАМИ» КММ-нің  ұйымдастыруымен  «Қазақ  әліпбиін   латын   графикасына  көшіру »  тақырыбында      мектеп – интернат  ұстаздары  қамтылған  семинар- тренинг  өткізілді.  Семинар - тренингті  Шәкенова  Гүлнара Сағындыққызы  Саран  қаласының тілдерді  дамыту орталығы директоры,   латын  графикасы  жұмысының  әдіскері   Жарылғапова  Береке Өмірзақовна   жүргізді. Қатысушылар әліпбиге   қатысты  көпшілік  көмейінде  жүрген мәселелердің  басын  ашты. Семинарды   қорытындылаған   Гүлнара Сағындыққызы , латын   әліпбиіне  көшу  еліміздің   жаңа  заман  талабына сай  өсіп - өркендеуіне , болашақта  еліміздің   жан- жақты  дамуына   үлкен  үлес  екенін  атап өтті. Баршамыз  елдік  істе  ұйысып, кемел жұмыстың  қолдаушысы  болсақ , болашақтың  жарқын, табысты  болуының  кепілі   болатыны айқын.