Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
24.04.2025

"Жұмысшы мамандықтарының марафоны" облыстық байқау. Областной конкурс «Марафон рабочих профессий».

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмысшы мамандықтарын дамыту мен насихаттаудың маңыздылығын ерекше атап, олардың экономика мен қоғамды нығайтудағы негізгі рөлін көрсетіп өтті.

24.04.25ж. ҚОББ «№9 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында Қарағанды облысында ББД ОӘО бірлесіп «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында арнайы білім беру ұйымдарының арасында «Жұмысшы мамандықтарының марафоны» атты облыстық байқау өтті, бұл балалардың еңбек дағдылары мен шығармашылығын дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Іс-шара бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды:  

• Топтардың таныстырылымы («Деректеме карточкасы»), онда қатысушылар өздерін және таңдаған мамандығын таныстырды. 

• Практикалық кезең “Әрекеттегі мамандықтар”, бұл кезеңде тәрбиеленушілер түрлі жұмысшы мамандықтар бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.  

• Шығармашылық байқау, қатысушыларға еңбекке деген көзқарастарын ән, би және көріністер арқылы жеткізуге мүмкіндік берді.

• Педагогтер мен тәрбиешілер дайындаған ойын-сауық бөлімі мазмұнды күннің жарқын қорытындысына айналды. Байқау барысында тәрбиеленушілер шынайы қызығушылық пен ынталарын көрсетті. Балалар толқып тұрғандарына қарамастан, әр тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлықтарын, шығармашылықтарын және өз күштеріне деген сенімділіктерін көрсетті. Олардың тапсырмаларды орындауға деген талпыныстары, бір-біріне қолдау көрсетулері және көздеріндегі от, осындай іс-шаралар балалардың дамуы мен әлеуметтенуі үшін қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Адал еңбектің құндылығы, кәсіби өзін-өзі анықтаудың маңыздылығы және жұмысшы мамандық иелеріне деген құрметке ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытынды шығарумен, дипломдар мен алғыс хаттарды салтанатты табыстаумен және жағымды әсер алмасумен аяқталды.

2025 год в Казахстане объявлен Годом рабочих профессий. Президент Республики Казахстан К.-Ж. К. Токаев особо подчеркнул важность развития и популяризации рабочих специальностей, отметив их ключевую роль в укреплении экономики и общества.

24.04.2025г. на базе КГУ «Специальная школа-интернат №9» УОКО рамках реализации программы воспитания «Біртұтас тәрбие» и проекта «Еңбегі адал - жас өрен» совместно с УМЦ Карагандинской области проведен областной конкурс «Марафон рабочих профессий» среди специальных организаций образования, который стал важным мероприятием, направленным на развитие трудовых навыков и творчества детей.

Программа мероприятия включала несколько этапов:

​•​Презентация команд («Визитная карточка»), где участники представили себя и выбранную профессию.

​•​Практический этап «Профессии в действии», в ходе которого дети демонстрировали знания и навыки в различных рабочих специальностях.

​•​Творческий конкурс, позволивший участникам выразить своё отношение к труду через песни, танцы и сценки.

​•​Развлекательная часть, подготовленная педагогами и воспитателями, стала ярким завершением насыщенного дня.

На протяжении всего конкурса воспитанники проявляли искреннюю заинтересованность и старание. Несмотря на волнение, ребята с большой ответственностью подходили к каждому заданию, демонстрируя трудолюбие, креативность и уверенность в своих силах. Их стремление справиться с задачами, поддержка друг друга и горящие глаза стали лучшим подтверждением важности подобных мероприятий для их развития и социализации. Особое внимание в выступлениях было уделено ценности честного труда, важности профессионального самоопределения и уважения к людям рабочих профессий.

Завершилось мероприятие подведением итогов, торжественным вручением дипломов, благодарственных писем и обменом положительными впечатлениями.

#Біртутас_тарбие

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert