«Наурыз мейрамы» жалпы мектепішілік іс - шарасы. Общешкольное мероприятие «Наурыз мейрамы».
Наурыздың 14-і күні мектеп-интернатында Наурыз мерекесіне арналған жалпы мектепішілік мерекелік іс - шара өтті. Балалар ұжымы ауылдарға бөлініп, әрқайсысы өз ауылдарына ат қойып, өздерінің шығармашылық қойылымдарын ұсынып, таланттарымен бөлісті.
Іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанып, домбыра әндері шырқалып, ұлттық билер билеп, асық ойнап, арқан тартыс сайысы ұйымдастырылып, бесікке салу рәсімі өтті. Ал бағдарлама соңы қазақтың ұлттық киімдерінен (костюмдері) сән көрсетілімімен аяқталды.
Наурыз мейрамын тойлау кезінде береке мен молшылықты бейнелейтін ас-сулар үнемі әзірленетін. Сондықтан мерекелік шарада мол дастархан жайылды.
Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті!
Мереке танымдық әрі достық атмосферада, жарқын және әсерлі болды!
14 марта в школе-интернате празднично и ярко прошло общешкольное мероприятие, посвященное празднику Наурыз. Детский коллектив был разделен на аулы, каждый из которых носил свое название и представлял номера, где дети поделились своими творческими талантами.
Следуя традициям казахского народа, на мероприятии звучали песни домбры, были национальные танцы, проводились соревнования в игре асыки и перетягивание каната, был проведен обряд бесикке салу. И завершило программу дефиле с показом казахских нарядов (костюмов).
В дни празднования Наурыза всегда готовилось много еды, символизирующей достаток и изобилие. Поэтому на мероприятии был накрыт богатый дастархан.
Мероприятие прошло весело и интересно!
Праздник получился познавательным, красочным и ярким в доброй дружеской атмосфере!
#наурызмейрамы #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие