Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
28.08.2025

Педагогикалық кеңес.Педагогический совет.

28 тамызда мектеп-интернатта «2025–2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында бірыңғай педагогикалық кеңес өтті.

Жиынға Қарағанды облысының білім басқармасының бас маманы Абишева Галина Зекеновна қатысты.

Өз сөзінің басында Галина Зекеновна әріптестерін 2025–2026 оқу жылының басталуымен құттықтап, оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды, ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) білім алушылармен жұмыстың басымдықтарын атап өтті, ұжыммен арнайы және инклюзивті білім берудегі жетістіктермен, жаңа жобалармен таныстырды.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібі:

 1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басым бағыттары туралы.

(директор Бесжигитова С.Т., оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Маженова Г.Т.)

 2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

(директор Бесжигитова С.Т., оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Маженова Г.Т., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шмелева Е.Е.)

 3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы сөз сөйледі.

(директор Бесжигитова С.Т., әкімшілік-шаруашылық бөлімінің орынбасары).

#адал_азамат

#адал_азамат_біртұтас_тәрбие