#Repost @obb_qaragandy
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту – басты назарда!
Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының төрағалығымен арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, колледж директорлары, ПМПК, арнайы мектеп-интернаттар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен балаларды оңалту және аутизм орталықтарының өкілдері қатысты.
-Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту,
-Арнайы жағдайлар жасау,
-Мектептерді дефектологтармен, логопедтермен және педагог-ассистенттермен қамтамасыз ету,
-Балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағыттары талқыланды.
Білім басқармасының басшысы әр мектепте инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Кеңес барысында Алматы қаласында өткен инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс қорытындылары мен Жапониядағы халықаралық тағылымдамадан алынған тәжірибе ұсынылды.
Арнайы мектеп-интернаттардың басшылары балалар шығармашылығын дамыту мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудағы еңбегі үшін BI-JULDYZAI корпоративтік қорының «Жұлдызды ұстаз» медалімен марапатталды.
Развитие инклюзивного образования — приоритет!
Под председательством руководителя управления образования состоялось совещание по вопросам развития специального и инклюзивного образования.
В мероприятии приняли участие руководители отделов образования, директора колледжей, ПМПК, специальных школ-интернатов, кабинетов психолого-педагогической коррекции, реабилитационных центров и центров поддержки детей с аутизмом.
Обсуждены ключевые направления работы:
-охват детей психолого-педагогической поддержкой;
-создание специальных условий обучения;
-обеспечение школ специалистами-дефектологами, логопедами и ассистентами педагогов;
-развитие ресурсных центров.
Отдельное внимание уделено внедрению международного опыта, представленному на Всемирном конгрессе по инклюзивному образованию и в рамках стажировки в Японии.

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022