Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
09.12.2025

«Өрт — тілсіз жау» танымдық тәрбие сағаты.Познавательное занятие «Пожар — безмолвный враг».

Сабақтан тыс іс-шаралар МӘҚ-нің ашық онкүндігі аясында тәрбиеші Г. Е. Максатбаева

3 «Ә» сыныбымен «Өрт — тілсіз жау» тақырыбында оқу-сабақ түріндегі танымдық тәрбие сағатын өткізді.

Бұл іс-шарада балалар бекеттер арқылы экскурсия жасап, өрт қауіпсіздігі ережелерін тәжірибелік ойындар арқылы меңгерді.

Балалар:

- өрт сөндіруші құралдарын таныды;

- жанатын және жанбайтын заттарды ажыратты;

- төтенше жағдайда өзін ұстауды үйренді;

- 101 нөмірін мозаика арқылы құрастырды;

- жасанды интеллект көмегімен (дыбыс, визуал, интерактив) тапсырмалар орындады.

Сабақ барысында қимыл-ойындар, ым-ишара, визуалды қолдау қолданылып, барлық оқушылар белсенді қатыса алды.

Балалар «Өрт қауіпсіздігін білемін» марапаттарын алып, өз білімдерін бекітті.

Тақырып маңыздылығы — балаларды қауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу.

Негізгі мақсат — өрт кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету.

Іс-шараға Ресурстық орталықтың жұмысы аясында жалпы білім беретін мектептердің педагогтері қатысып, өздерінің жоғары бағасын берді.

#адал_азамат