Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
04.12.2024

Туған күніңмен, сүйікті мектебім! С днём рождения родная школа!

Күннің қорытындысы мектептің 60 жылдығына арналған мерекелік концерт болды. Зал көрермендерге лық толды.

Концерттік бағдарлама өзінің әртүрлілігімен және кәсібилігімен барлығын тәнті етті. Балалар бар жандарын салып өнер көрсетті. Қонақтар тек қана жағымды көңіл күй мен өмірге деген құштарлық: таңдану мен сүйсіну, ләззат пен қуаныш сезімдерін бастан өткерді. Бәлкім, бір де бір іш пысу мен немқұрайлық болмаған шығар.

Концерттік бағдарламаны талантты балалардың шығармашылық нөмірлері құрады, олар қонақтарға арнап әндер, билер, тақпақтар мен көріністер дайындады. Әрбір нөмір мектептің педагогтеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке толы болды.

Мектеп пен оның ұжымына арналған жылы лебіздер сахнадан бірнеше мәрте айтылды, ал осы күннің ең үздіктеріне Қарағанды облысының білім басқармасы мен оқу-әдістемелік орталығының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. ҚОББ өкілі мектепке 5 миллион теңгенің сертификатын, «Білім» кәсіподағы 100 000 теңгенің сертификатын, ал Саран қаласының әкімдігі теледидар сыйға тартты.

Концерттің ең әсерлі сәттерінің бірі – сүйікті мектептің туған күніне арналған шамдары жанып тұрған үлкен, әсем торт болды. Бұл тосынсыйды біздің демеушіміз «Оптима» супермаркеті сыйлады.

Мерекелік концерт қонақтар мен көрермендердің жүрегінде жарқын әсер қалдырды. Мектептің 60 жылдығы әлі ұзақ уақыт есте қалар ерекше оқиғаға айналды. Бұл мереке дәстүрлерді сақтау мен әр адамның ортақ іске қосқан үлесін бағалаудың маңыздылығын көрсетті.

Мектепке өркендеу, өз тарихына тағы да көптеген даңқты беттер қосуын, ұжымға — шығармашылық табыс, ал оқушыларға — жарқын болашақ тілейміз!