Жалпы мектептік жиын. Общешкольная линейка.
2 ақпанда мектебімізде еңбекке баулу және тәрбие МӘҚ-нің “Еңбек калейдоскопы: оқимыз, еңбектенеміз, жасаймыз!” атты пән апталығының ашылуына арналған жалпы мектептік саптық жиын өтті. Әдістемелік қызметтің жетекшісі С. А. Вдовицкая апталықтың жоспарымен таныстырды. Саптық жиынға түрлі мамандық иелері — құрылысшы, гүл өсіруші, тігінші, аспаз қатысып, оқушыларға қызықты тапсырмалар ұсынды. Білім алушылар үлкен текшелерден үй тұрғызып, гүлдерді «егіп», «суарып», болашақ дизайнерлер «Көйлек» пазлын құрастырды, ал жас аспаздар аспазбен бірге ұлттық тағамдардың құрамын ажыратып үйренді. Іс-шара көңілді, белсенді әрі өте танымдық түрде өтті. Біз оқушыларымыздың қиялы ұшқыр, еңбекқор, нағыз шебер екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Баршаңызға сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!
2 февраля в нашей школе прошла общешкольная линейка, посвященная открытию предметной недели ШМС трудового обучения и воспитания «Трудовой калейдоскоп: учимся, трудимся, созидаем»!
Руководитель методической службы Вдовицкая С.А. представила план недели. На линейку с интересными заданиями пришли представители профессий: строитель, цветовод, швея, повар. Учащиеся возводили дом из больших кубиков, «сажали» и «поливали» цветы, будущие дизайнеры собирали пазл «Платье», юные кулинары вместе с поваром разбирались в ингредиентах национальных блюд. Это было весело, активно и очень познавательно! Мы убедились: наши ребята — настоящие умельцы, полные фантазии и трудолюбия. Желаем всем удачи и творческого вдохновения!
#адал_азамат

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022