Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?
26.11.2016

Сабақтың тақырыбы: Атамекен – құт мекен.

Сабақтың мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту,  өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші  болып қалануға баулу.

Тәрбиелік мәні: өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу, ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.Еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет сезімдерін қалыптастыра отырып, ой қозғай білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, пікірталас, ойын.

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздері, картасы, суреттер, «Тарих - ақпарат беттерінде» (кітап сөресі)
Техникалық жабдықталуы: ноутбук.
Сабақтың барысы:
(Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ақырын ойнап тұрады, экраннан
қазақ жері туралы суреттер көрінісі көрсетіледі )
Қайырлы күн, балалар!
Біз - Қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.

Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені
Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендірі

Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. 
Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

Слайд

«Отан»Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тариханда жаңа  дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа  леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілшікті аңсаған еқ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан
Менің жерім, туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан.

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы

Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл - халқымның
Мәртебесі, мақтаны

Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам

Құт, береке – шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты құс – қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген

Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным
Хор: «Қазақстан жалауы»

«Атамекен» видеоролик
Иә, жұмыр жердің тыныс - тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген ұлы көш алға басып барады. Бұл уақыт көші, өмір көші. Осы тарих куә болған біздің халқымызға ғасыр сыйлаған ғаламат оқиға.....
- Балалар, бұл қай ғаламат оқиға деп ойлайсыңдар?
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы.
Мұғалім: Өте дұрыс. Міне Қазақстан халқы бүгінде дүбірлі, мағналы мереке қарсаңында, бұл қай мереке?
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл толып отыр.
(экраннан ҚР Тәуелсіздігіне - 25 жыл эмблемасы орын алады )
Мұғалім: Рас, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын біз еркін де ерікті елдікте өткіздік. 25 жыл ішінде елімізді бүкіл әлем танып, 130 - дан астам ұлт бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрудеміз.
Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің етпе бос,

Тәуелсіздік төрінде - деп жар салғымыз келеді
Ендеше, Қазақстан Тәуелсіздігінің - 25 жылдық мерекесіне орай өткізілетін
«Атамекен - құт мекен...» атты тарихи – танымдық сабағымызды бастайық.
(экраннан ҚР картасы, үстінде Атамекен үлкен әріптермен жазылып шығады)
Мұғалім: Міне, балалар біздің кең байтақ жеріміз, Асанқайғы бабамыз айтып кеткен, суы - сүт, топырағы - май, қойнауы – қазыналы, жері көлем жағынан 9 - орынға ие,
Атамекеніміз. Сабағымызды «Ассоциация» ойыны арқылы бастасақ. Мына «Атамекен» сөзіне қарағанда ойларыңа не түседі? Мақсат Еліміздің байлығы мен сұлулығын, атамекенімізді бізге аманат етіп кеткен бабаларымыздың ерен еңбегі, батырлығы, қайсарлығы елестейді
Европа елдерінің қауіпсіздік және экономикалық қауымдастық мүшесі, әлемде 100 - ден астам елде елшілігі бар, 50 - ден астам елдің бізде елшілігі бар кең байтақ Отаным, қайратты да күшті «Барыс» елестейді. (экранда барыс суреті көрсетіледі).
Томирис Алтайдан Каспийге дейін жерді алып жатқан тәуелсіз жерім. Қазақ елінің көгінде желбіреген көк байрағы айбынды Гимні, тұғырлы Елтаңбасы елестейді.
 Еліміздің қасиетті орны болып есептелінетін астанадағы «Атамекен» кешені елестейді. (экранда «Атамекен» этномемориал кешенінің суреттері слайд түрінде көрсетіледі.)
Мұғалім: Рахмет балалар! Ойларың жүйрік, тілдерің жетік екен./Атамекен кешені туралы айту/ Жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз. Енді, Атамекен сөзінің әрбір әріпіне тоқталайық. (экранда «А» әріпі шығады) Қане, кім не туралы ойлап отыр?
Оқушы: «А» - Ата – баба. Ата - бабамыз өткен жол елестейді. «Ата - бабасын сыйламау азғындықтың белгісі» - деп Ғабиден Мұстафин атамыз айтқандай, әр кез ата дәстүрін сақтайтын, ата - анасының абыройы, ары болатындай «Азамат» бол деп тұрғандай.
Оқушы: Атадан жақсы ұл тусашы - деп тұрғандай еліміздің бір туар перзенттері Абылай, Абай - деп тұрғандай.

Сергіту сәті: «Жақсы» тақырыбындағы ширату ойының ойнауды ұсынамын. (Балалар шеңберде тұрады.)              

Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді)

Жақсы (Алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді)

Жақсы (Алақандарын соғады)

Достарыңмен жүрген жақсы ма?(Адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)

Жақсы (Алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (Құшақтарын жаяды)

Жақсы (Алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? ( Үйді бейнелейді)

Жақсы (Алақандарын соғады)

Биде айналған жақсы ма? ( Айналады)

Жақсы (Алақандарын соғады)

Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын көрсетеді)

Жақсы (Алақандарын соғады)

 «Сөздің көркі мақал» демекші мақал – мәтел айтып сайысайық. Біреуіміз бастаймыз, екіншіміз аяқтаймыз.
1. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
2. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
3. Ағадан ақыл, атадан нақыл.
4. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
5. Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар.
6. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
Мұғалім: Рахмет балалар! Әліпбидің басында тұратын «А» әріпі туралы ойларыңыз мәнді де мағналы екен.
Ата – бабаларымыз өткен жолды еске түсірсек, Не деген дархан ел, не деген төзімді ел, не деген батыр да батыл менің елім!» - деп көңілің көкке көтеріледі.

СЛАЙД.
Енді «Т» әріпі туралы ойланайық. (экранда «Т» әріпі шығады)
7 - оқушы: «Т» - Тәуелсіздік. 1991 жыл, 16 - желтоқсанда Қазақстан «Тәуелсіз» Республика болып жарияланғандығы ойға оралады. Жаңа ғана өзіміз айтып өткен ата - бабаларымыздың ой - арманы, бізге «Тәуелсіздік» таңы болып жеткендігі түседі.
8 - оқушы: «Т» - Теңге. (экранда теңгелер көрсетіледі)
1993 жылы қараша айында айналымға тәуелсіз еліміздің ұлттық валютасының енгізілуі. Теңге – асыл қазына, халықтың байлығы, ел еңбегі.

Мұғалім. :
1.  Біздің Отанымыз калай аталады?
2.  Суверенитет  дегеніміз не ?
3.  Қазақстан тәуелсіздігі қашан  тойланады?
4.  Елбасымыз кім?
5.  Қазақстан астанасы қай қала?
6.  Еліміздің басты рәміздерін атаңдар?
7.  Астананың символы?

8.  Қазақстанның қандай  қалаларын білесіңдер?

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз – Қазақстан

Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.
Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!