Poll
Первый вопрос голосования

Методические объединения

Attached files
    28.11.2025

    Жыл мұғалімі-2025.Учитель года -2025.

    https://youtu.be/S3S3E-gmQIQ?si=PaLqVp0F8iwQqYuO

    Біздің талантты педагогымыз Семенюта Наталья Леонидовнаны «Жыл мұғалімі – 2025» облыстық байқауында жүлделі 3 орын алуымен құттықтаймыз!

    Сіздің кәсібилігіңіз, балаларға деген сүйіспеншілігіңіз және үнемі дамуға деген шынайы ұмтылысыңыз – шабыт береді!

    Сізбен мақтанамыз және жаңа жетістіктер, шығармашылық идеялар мен сарқылмас жігер тілейміз!

    Осы қарқыныңыздан таймаңыз!

    Поздравляем нашего талантливого педагога Семенюта Наталью Леонидовну с почётным 3 местом в областном конкурсе «Учитель года – 2025»!

    Ваш профессионализм, любовь к детям и искреннее стремление развиваться — вдохновляют!

    Мы гордимся Вашими достижениями и желаем новых побед, творческих идей и неисчерпаемой энергии!

    Так держать!

    #адал_азамат

    25.11.2025

    «КазЦентрЭлектропровод» кәсіпорнына экскурсия.Экскурсия «КазЦентрЭлектропровод».

    https://youtu.be/oq_Hh8vK3zg?si=43OY-qZdjml_ANuS

    25.11.2025 жылы кәсіби бағдар жұмысы аясында 9–10 сынып білім алушыларына арналған «КазЦентрЭлектропровод» кәсіпорнына қызықты да танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Балалар заманауи өндірістің нақты жағдайда қалай жұмыс істейтінін көріп, өнеркәсіптің маңызды бағыттарының бірі – оптикалық сымды шығару үдерісімен танысты.

    Кәсіпорын қызметкерлері оптикалық кабельдің дайындалу кезеңдерін – материалдарды әзірлеуден бастап дайын өнімнің сапасын тексеруге дейін – жан-жақты түсіндірді. Балалар бұл процесте қандай мамандардың жұмыс жасайтынын, қандай дағдылар қажет болатынын және техникалық мамандықтарды таңдағандарға қандай мүмкіндіктер ашылатынын білді.

    Экскурсия кәсіби бағдар жұмысының маңызды бөлігіне айналды: тәрбиеленушілер алған білімнің тәжірибеде қалай қолданылатынын көріп, болашақ мамандық таңдауы туралы ойлануға мүмкіндік алды.

    Қонақжайлығы мен қызықты экскурсия ұйымдастырғаны үшін «КазЦентрЭлектропровод» кәсіпорнына (@kcep.kz) алғыс білдіреміз!

    25.11.2025 года в рамках профориентационной работы для учащихся 9 и 10 классов была организована интересная и познавательная экскурсия на предприятие «КазЦентрЭлектропровод». Ребята увидели, как в реальных условиях работает современное производство, и познакомились с одним из важных направлений промышленности — выпуском оптического провода.

    Сотрудники предприятия рассказали о каждом этапе создания оптического кабеля: от подготовки материалов до проверки качества готовой продукции. Ученики узнали, какие специалисты задействованы в процессе, какие навыки необходимы и какие перспективы открываются для тех, кто выбирает технические профессии.

    Экскурсия стала важной частью профориентационной работы: воспитанники увидели, как знания, полученные при обучении, применяются на практике, и смогли задуматься о возможном выборе будущей профессии.

    Благодарим предприятие «КазЦентрЭлектропровод» (@kcep.kz) за гостеприимство и интересную, увлекательную экскурсию!

    #адал_азамат

    31.10.2025

    Педагогикалық кеңес.Педагогический совет.

    https://youtu.be/vZrtCOSVxEc?si=6pk3rMUYQSoK_H9B

    31.10.2025ж. мектеп-интернатында педагогикалық кеңес өткізілді.

    І. «Оқу-тәрбие үдерісіне ЖИ-ді кіріктіру» (Г. Т. Маженова)

     1. «Жасанды интеллект – педагогтің мүмкіндіктері және цифрлық көмекшісі» (Л. И. Шпаннагель, Е. В. Копбаева, М. К. Абеуова)

     2. «Сабақ кезеңдерінде ЖИ құралдарын қолдану» (И. Ф. Динисламова, А. С. Исакова)

    ІІ. Педагогтерге арналған семинар-практикум: «Мектеп-интернатында буллингтің алдын алу негіздері» (Е. Е. Шмелева, И. Р. Кагарманова)

    31.10. 2025г. в школе – интернате был проведен педагогический совет

    І. «Интегрирование ИИ в учебно – воспитательном процессе» (Маженова Г.Т.)

    1. «Искуственный интеллект новые возможности и цифровой помощник педагога» (Шпаннагель Л.И., Копбаева Е.В., Абеуова М.К.)

    2. «Применении ИИ – инструментов на этапах урока» (Динисламова И.Ф., Исакова А.С.)

    ІІ. Семинар – практикум для педагогов: «Основы профилактики буллинга в школе - интернате» (Шмелева Е.Е., Кагарманова И.Р.)

    #адал_азамат

    09.10.2025

    Директор жанындағы кеңес.Совещание при директоре.

    30.10.2025ж. мектеп-интернатында директор жанындағы кеңес өткізілді.

    Күн тәртібі:

     1. «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңының жүзеге асырылуы.

     2. Электрондық журналдың толтырылу жағдайы.

    (оқу ісі жөніндегі орынбасары — Г. Т. Маженова)

     3. Мұғалімдер ұжымының күзгі демалыстағы жұмыс жоспары.

    (оқу ісі жөніндегі орынбасары — Г. Т. Маженова)

     4. Сабаққа қатысу мониторингі.

    (әлеуметтік педагог — И. Р. Кагарманова)

     5. 5–10 сыныптардағы қазақ және орыс тілдерінен дәптерлерін тексеру.

    (оқу ісі жөніндегі орынбасары — Г. Т. Маженова)

     6. Мектеп-интернатындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысы.

    (әлеуметтік педагог — И. Р. Кагарманова, педагог-психолог — Л. Мүшелбайқызы, логопед — В. В. Осыко, дефектолог — Т. А. Довгопол)

     7. 0–1 және 5-сыныптардағы, сондай-ақ жаңадан келген оқушылардың мектеп жағдайына бейімделуі.

    (педагог-психолог — Л. Мүшелбайқызы)

     8. «Қауіп-қатер тобына» кіретін оқушылармен профилактикалық жұмыс.

    (әлеуметтік педагог — И. Р. Кагарманова)

     9. Сынып сағаттарының өткізілуі.

    (тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Е. Е. Шмелева)

     10. Мектеп асханасындағы тамақтану сапасы.

    (тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Е. Е. Шмелева)

    30.10.2025 г. в школе – интернате было проведено совещание при директоре

    Повестка дня:

     

    1. Реализация закона РК «О языках».

    2. Состояние заполнения электронного журнала. (Зам по УР Маженова Г.Т.)

    3. План работы педагогического коллектива в осенние каникулы. (Зам по УР Маженова Г.Т.).

    4. Мониторинг посещаемости. (социальный педагог Кагарманова И.Р.)

    5. Проверка тетрадей по казахскому и русскому языках 5-10 классах. (Зам по УР Маженова Г.Т.).

    6. Организация деятельности психолого-педагогического сопровождения в школе – интернате. (социальный педагог Кагарманова И.Р., педагог-психолог Л. Мушелбайқызы, логопед Осыко В.В., дефектолог Довгопол Т.А.).

    7. Адаптация обучающихся 0-1, 5 классов, вновь прибывших к условиям школьного обучения. (педагог-психолог Л. Мушелбайқызы).

    8. Профилактическая работа с учащимися «Группы риска» (социальный педагог Кагарманова И.Р.).

    9. Проведение классных часов. (Шмелева Е.Е. зам по ВР)

    10. Качество питания в школьной столовой. (Шмелева Е.Е. зам по ВР)

    #адал_азамат

    28.08.2025

    Педагогикалық кеңес.Педагогический совет.

    https://youtu.be/HJwJ7Okn4O8?si=voQnxSljzuQ7taZB

    28.08.2025 жылымектеп-интернатында «2025–2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

    Педагогикалық кеңестің күн тәртібі:

     1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысындағы басым бағыттар туралы.

    (директор – С. Т. Бесжигитова, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары – Г. Т. Маженова)

     2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.

    (директор – С. Т. Бесжигитова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г. Т. Маженова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Е. Е. Шмелева)

     3. Мектептің шаруашылық - ұйымдастырушылық қызметі туралы. (директор – С. Т. Бесжигитова, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары – С. М. Ландарь)

    #адал_азамат

    #адал_азамат_біртұтас_тәрбие

    28.08.2025

    Педагогикалық кеңес.Педагогический совет.

    28.08.2025 года в школе – интернате прошел педагогический совет на тему: «Образовательная политика и приоритеты школы в 2025-2026 учебном году».

    Повестка педагогического совета:

    1. О приоритетных направлениях работы организации образования в новом учебном году. (директор Бесжигитова С.Т., заместитель директора по УР Маженова Г.Т.)

    2. Об утверждении годового плана работы. (директор Бесжигитова С.Т., заместитель директора по УР Маженова Г.Т., заместитель директора по ВР Шмелева Е.Е.)

    3.Об организационно-хозяйственной деятельности школы. (директор Бесжигитова С.Т., заместитель директора по АХЧ Ландарь С.М.)

    #адал_азамат

    #адал_азамат_біртұтас_тәрбие

    12.06.2025

    Аттестаттарды табыстау.Вручение аттестатов.

    https://youtu.be/u8tWs1-2kN4?si=4XgbwMHHXYGJN6Ik

    Бүгін мектеп-интернатының қабырғасында біздің қымбатты түлектерімізге аттесттарды табыстау салтанаты өтті!

    Бұл күн – қуанышқа, толқыныс пен мақтанышқа толы, өмірдің маңызды бір кезеңінен өткен балалар үшін жаңа белестердің бастамасы болды.

    Жылы да жанға жайлы атмосферада мектеп директоры мен ұстаздардан құттықтаулар айтылып, ата-аналар мен түлектерден жүрекжарды алғыстар жолданды, сонымен қатар, мерекелік көңіл күйді ерекше музыкалық нөмірлер толықтырып, бұл күнді ұмытылмас сәтке айналдырды.

    Күлкі, қуаныштың көз жасы, қошемет пен қоштасу құшақтары – осының бәрі әркімнің жүрегінде мәңгі сақталады.

    Түлектерімізді құттықтаймыз!

    Армандарға, жаңа биіктерге - алға!

    Сегодня в стенах школы-интерната состоялось торжественное вручение аттестатов нашим дорогим выпускникам!

    Этот день был наполнен радостью, волнением и гордостью за ребят, которые прошли важный жизненный этап и стоят на пороге новых достижений.

    В уютной и душевной атмосфере прозвучали поздравления от директора,педагогов, тёплые слова благодарности от родителей и выпускников, а также яркие музыкальные номера, которые сделали праздник ещё более запоминающимся.

    Смех, слёзы счастья, аплодисменты и прощальные объятия - этот день навсегда останется в сердце каждого.

    Поздравляем наших выпускников! Вперёд — к мечтам, к новым вершинам! 

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    29.05.2025

    Түлектерді қорытынды аттестаттау.Итоговая аттестация выпускников.

    29 мамырда мектеп-интернат түлектерін кәсіптік-еңбек баулу пәндері бойынша қорытынды аттестаттау өткізілді: ағаш ұстасы, слесарлық-ісі, сылақ-сырлау-ісі, тігін ісі. 10а және 10 б сынып оқушылары емтихандарда теориялық материал туралы білімдерін, сондай-ақ зерттелетін профильдер бойынша практикалық дағдылары мен қабілеттерін көрсетті.

    29 мая проводилась итоговая аттестация выпускников школы-интерната по предметам профессионально-трудового обучения: столярное дело, слесарное дело, штукатурно-малярное дело, швейное дело. Обучающиеся 10а и 10б классов показали на экзаменах свои знания теоретического материала, а также практические навыки и умения по изучаемым профилям.

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    23.05.2025

    Соңғы қоңырау.Последний звонок.

    https://youtu.be/0effLx7yqnE?si=lHmpFc5pl8tWL04i

    23 мамыр күні мектеп-интернатының қабырғасында түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл — ерекше толғаныс пен қуанышқа толы салтанатты шараға оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері мен мектеп әкімшілігі қатысты. Мектеп пен сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласып, шығармашылық пен спорттық жарыстарда өздерін көрсете білген оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Ата-аналарға алғыс хаттар табысталды. Түлектерге өмірдегі басты мақсатына жетуде сәттілік тіледі. Өз кезегінде түлектер мектепке, ұстаздарына және ата-аналарына шынайы алғыстарын білдірді. Соңғы қоңырау соғу құрметі облыстық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары — Гердт Денис пен Мадет Ерасылға берілді. Мектеп-интернатының дәстүрі бойынша, “Түлектер аллеясына” қарағай көшеттерін отырғызылды. Бұл күн балалар үшін жарқын естеліктер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды!

    23 мая в стенах школы – интерната для выпускников прозвенел последний звонок. Это торжественное и волнующее мероприятие, на котором присутствовали ученики, педагоги, родители, ветераны педагогического труда и администрация школы. Были отмечены обучающиеся, которые активно участвовали в общественной жизни класса, школы, проявили себя в творческих и спортивных соревнованиях. Родителям вручены благодарственные письма. Выпускникам пожелали успеха в достижении главной цели в жизни, дали напутствие. В свою очередь выпускники выразили благодарность школе, педагогам, родителям. Право дать Последний звонок было предоставлено победителям областных конкурсов и соревнований Гердт Денису и Мадет Ерасылу. По традиции школы – интерната были посажены сосны на «Аллее выпускников». Этот день оставил в памяти ребят много светлых эмоций и отличное настроение!

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert

    22.05.2025

    «Қош бол, бастауыш мектеп» мерекесі.Праздник «Прощай, начальная школа».

    https://youtu.be/nlESZ-z8xDM?si=nNM6ZkNDKGsOKFgE

    22 мамыр күні мектеп-интернатында 4 “Б” сыныбының педагогтері В. В. Федоренко мен Е. Н. Цисаруктің ұйымдастыруымен “Қош бол, бастауыш мектеп!” атты мерекелік шара өтті.

    Бұл жылы әрі жүрекке жақын іс-шара қуанышқа, қолдауға, күлкі мен шаттыққа толы болды. Бағдарлама барысында тәрбиеленушілердің қатысуымен бейімделген шығармашылық нөмірлер саусақ теарты, шулы оркестр, жеке және топтық билер де болды. Ата-аналар мен балалар бірге ойындарға, сайыстарға белсене қатысып, нағыз мерекелік көңіл-күйді сезінді.

    Мерекеде әр бала өзін табысты әрі маңызды тұлға ретінде сезініп, білімнің бір кезеңін мақтанышпен және күлімдеумен аяқтады. Балаларға жаңа бастамалардан қорықпай, әрқашан ізгілік пен тынымсыз еңбек серік болсын, жанында әрдайым қолдау көрсететін достар мен үлкендер болсын деп тілейміз.

    22 мая, в школе интернате, педагогами 4 "Б" класса Федоренко В.В. и Цисарук Е.Н. был проведен праздник "Прощай, начальная школа" Это тёплое и душевное мероприятие, было наполнено радостью, поддержкой,улыбками и смехом. В программе — адаптированные творческие номера, такие как пальчиковый театр, шумовой оркестр, групповые и индивидуальные танцы воспитанников. Родители совместно с детьми принимали активное участие в играх и соревнованиях. На празднике была создана атмосфера успеха, где каждый ребёнок почувствовал свою значимость, завершив важный этап с гордостью и улыбкой. Желаем ребятам не бояться новых открытий, пусть доброта и старание всегда будут с вами, а рядом — друзья и взрослые, которые поддержат.

    #Біртутас_тарбие

    #oqu_agartu_ministrligi

    #gani.beisembayev

    #medetbekovameruert