Новости сайта
Полный текст "Новости сайта"Практикалық семинар.Практический семинар.
https://youtu.be/-O3l591NwSQ?si=M9fKp_lbhFxKhH3-
2026 жылғы 28 қаңтарда мектеп-интернатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын «Шабыт» әлеуметтік жобасы арқылы жүзеге асыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді. Семинардың практикалық бөлімінде қауіпсіздік мәселелеріне арналған сыныптан тыс іс-шаралар көрсетіліп, сондай-ақ мектеп-интернатындағы қосымша білім беру үйірмелерімен жүргізілетін жұмыс жүйесі таныстырылды. Бұл семинарға қатысушыларға тәрбие жұмысының сабақтастығы мен нәтижелілігін көруге мүмкіндік берді. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Шығармашылық студиясы» шеберлік сабақтары тудырды. Шеберлік сабақтары барысында педагогтер ұжымдық шығармашылық қызметке белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен және заманауи педагогикалық жаңашылдықтарымен бөлісті.
Семинар «Шексіз шығармашылық» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концерт барысында тәрбиеленушілер өздерінің таланттарын, шығармашылық қабілеттерін, артистік шеберліктерін және өзіне деген сенімділіктерін көрсетті. Жарқын қойылымдар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Шабыт» әлеуметтік жобасының тиімді жүзеге асырылып жатқанын айқын дәлелдеді. Рефлексия қорытындысы бойынша семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
28 января 2026 года в школе-интернате был проведён областной практический семинар на тему: «Реализация единой программы воспитания «Адал азамат» через социальный проект «Шабыт». В практической части были продемонстрированы внеклассные мероприятия по вопросам безопасности, а также представлена система работы школы-интерната с кружками дополнительного образования, что позволило участникам семинара увидеть преемственность и результативность воспитательной деятельности школы - интерната. Особый интерес вызвали мастер-классы «Студии творчества», в ходе которых педагоги на практике проявили себя в коллективной творческой деятельности, обменялись опытом и современными педагогическими находками. Завершился семинар концертной программой «Творчество без границ», в которой воспитанники продемонстрировали свои таланты, творческие способности, артистизм и уверенность в себе. Яркие выступления стали наглядным подтверждением эффективности реализации единой программы воспитания «Адал азамат» и социального проекта «Шабыт». По итогам рефлексии семинар получил высокую оценку со стороны участников.
#адал_азамат
Кітап көрмесі.Книжная выставка.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында «Менің денсаулығым — менің қолымда» атты кітап көрмесі өткізілді. Тәрбиеленушілер салауатты өмір салтына арналған кітаптар мен буклеттермен танысты. Олар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, спортпен шұғылдану және өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызын білді. Ауызша шолу барысында денсаулық — адам өміріндегі ең басты құндылық екені туралы түсінік қалыптастыруға көмектесті.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат» была проведена книжная выставка «Моё здоровье — в моих руках». Воспитанники познакомились с книгами и буклетами о здоровом образе жизни. Узнали, как правильно питаться, соблюдать режим дня, заниматься спортом и заботиться о себе. Устный обзор помог сформировать понимание, что здоровье — главная ценность человека.
#адал_азамат
Семинар-практикум.
https://youtu.be/KV0lp3MugR4?si=QSB989274wxmQnUi
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында мектеп-интернатында
«Ұсақ моторика мен графомоторлық дағдыларды дамытуға арналған тактильді ойындар мен кинезиологиялық жаттығулар» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар барысында тәжірибелік жаттығулар жүргізіліп, оларды үй жағдайында қолдануға арналған ұсынымдар берілді.
В рамках работы центра педагогической поддержки родителей в школе – интернате был проведен семинар – практикум: «Тактильные игры и кинезиологические упражнения для развития мелкой моторики и графомоторных навыков». Были проведены практические упражнения и даны рекомендации для домашнего применения.
#центрыпедагогическойподдержки
#адал_азамат
Профилактикалық әңгіме.Профилактическая беседа.
https://youtu.be/o1WWpnl7EwQ?si=2D3I5kLiAPm-2kv_
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында СӨС орталығының психологы О. В. Шевкунова және гинеколог-дәрігері С. Д. Мусукулованың қатысуымен репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында білім алушыларға өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы, жеке мінез-құлқына жауапкершілікпен қарау және ерте жүктіліктің мүмкін болатын салдары туралы еске салынды. Іс-шара білім алушылардың өз денсаулығына саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
По плану воспитательной работы в рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат» в школе–интернате проведена профилактическая беседа психологом центра ЗОЖ Шевкуновой О.В., врачом гинекологом Мусукуловой С.Д. на тему репродуктивного здоровья и профилактики ранней беременности. В ходе беседы обучающимся напомнили о важности заботы о своём здоровье, ответственности за собственное поведение и возможных последствиях ранней беременности. Мероприятие было направлено на формирование осознанного и ответственного отношения к своему здоровью.
#адал_азамат
Жаттығу сабағы.Тренировочное занятие.
https://youtu.be/BLrunJ0Yij0?si=SLZ4FJfozLqQTas-
Мектеп-интернатындағы тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Білім алушылар өрт кезінде өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін және эвакуациялау тәртібін қайталады. Дабыл сигналы бойынша оқу эвакуациясы ұйымдастырылды. Сабақ төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
По плану воспитательной работы в школе - интернате было проведено тренировочное занятие по правилам пожарной безопасности. Обучающиеся повторили основные правила поведения при пожаре и порядок эвакуации. По сигналу тревоги была организована учебная эвакуация. Занятие способствовало формированию навыков безопасного поведения в чрезвычайных ситуациях.
#адал_азамат
Жалпы мектептік жиын.Общешкольная линейка.
https://youtu.be/QdYlYTI7Qtg?si=HHHieWDt3GFKGIpc
Мектеп-интернатында «Заң және тәртіп» құндылығын жүзеге асыру аясында жалпы мектептік жиын өткізілді. Бұл жиын заңға, мінез-құлық ережелеріне және қоғамдық өмір нормаларына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Тәрбиеленушілердің мектеп ережелерін сақтау, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және тәртіп пен ұйымдастықты сақтау маңыздылығы ескертілді. Жиын құқықтық мәдениетті, саналы мінез-құлықты және жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.
В рамках реализации ценности «Закон и порядок» в школе-интернате была проведена общешкольная линейка, направленная на формирование у обучающихся уважительного отношения к закону, правилам поведения и нормам общественной жизни. Воспитанникам напомнили о важности соблюдения школьных правил, ответственности за свои поступки и необходимости поддержания порядка и дисциплины. Линейка способствовала воспитанию правовой культуры, сознательного поведения и чувства ответственности у обучающихся.
#адал_азамат
Сынып сағаты.Классный час.
https://youtu.be/PdTYTL0iAN8?si=pDQvKFIR6PhQV5s6
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында тәрбиеленушілерде адалдық, әділдік пен мінез-құлық ережелері туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Мен адалдықты жақсы көремін!», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты сынып сағаттары өткізілді. Шара барысында күнделікті өмірден мысалдар қарапайым түрде талқыланып, жақсы істерді жаман істерден ажырата білуге үйретілді, ережелерге құрмет пен өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау тәрбиеленді.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат» в школе-интернате проведены классные часы «Я люблю честность», «Мен адалдықты жақсы көремін!», «Мы против коррупции», направленные на формирование у воспитанников представлений о честности, справедливости и правилах поведения. В ходе занятий в доступной форме обсуждались примеры из повседневной жизни, учились отличать хорошие поступки от плохих, воспитывалось уважение к правилам и ответственное отношение к своим действиям.
#адал_азамат

Президенттің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
ҚР Президенттің сайты



Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Послание Президента