Poll
Первый вопрос голосования

Новости сайта

Полный текст "Новости сайта"
04.02.2026

Қосымша білім беру үйірмелері.Кружки дополнительного образования.

https://youtu.be/0uPZxnxbZ44?si=pbtmf929pW4o0esq

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Шабыт» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері «Киберспорт», «Видеоблогинг» (ЖТС) қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуда. Бұл сабақтар оқушылардың цифрлық сауаттылығын, ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын және командада жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал етеді. Балалар заманауи технологияларды меңгеріп, интернет-ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануды үйренеді, өз таланттары мен қызығушылықтарын ашады, сондай-ақ өзінің қабілетін іске асыруға және кәсіби бағдар алуға мүмкіндік алады.

В рамках реализации единой программы воспитания « Адал азамат» и социального проекта «Шабыт», воспитанники школы – интерната посещают кружки дополнительного образования «Киберспорт», «Видеоблогинг» (СЮТ). Занятия способствуют развитию цифровой грамотности, мышления, коммуникативных навыков и умения работать в команде. Ребята осваивают современные технологии, учатся ответственно использовать интернет-ресурсы, раскрывают свои таланты и интересы, а также получают возможность для самореализации и профессионального самоопределения.

#адал_азамат

04.02.2026

Облыстық жарыстар.Областные соревнования.

https://youtu.be/4--DJNIXrto?si=FY6oMhChSH5aKUyx

Мектеп-интернатының тәрбиеленушілері жеңіл атлетика бойынша өткен спорттық жарыстарға белсене қатысып, өздерінің физикалық дайындығын, ерік-жігерін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды:

1-орын (ұзындыққа секіру):

Калиева Аружан, Савельев Александр, Герасимов Рамиль, Савельева Надежда.

2-орын (60 метрге жүгіру):

Олиференко Олег, Олиференко Сергей.

3-орын (эстафета):

Беляев Кирилл, Кубай Владислава, Позднякова Каралина, Бумажников Валера. Спортшыларымызды және жаттықтырушы Н. Ю. Карамановты лайықты жеңістері мен жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, жаңа спорттық жетістіктерге жете берулеріне, мықты денсаулық пен толағай табыстар тілейміз. Сіздер — біздің мақтанышымыз!

Воспитанники школы - интерната приняли активное участие в спортивных соревнованиях по лёгкой атлетике, продемонстрировав физическую подготовку, силу воли и стремление к победе. По итогам состязаний ребята показали достойные результаты и завоевали призовые места:

1 место (прыжки в длину): Калиева Аружан, Савельев Александр, Герасимов Рамиль, Савельева Надежда.

2 мест (бег 60 метров): Олиференко Олег, Олиференко Сергей.

3 место (эстафеты): Беляев Кирилл, Кубай Владислава, Позднякова Каралина, Бумажников Валера. Поздравляем наших спортсменов и тренера Караманова Н.Ю. с заслуженными победами и отличными результатами! Желаем не останавливаться на достигнутом, новых спортивных успехов, крепкого здоровья и дальнейших побед. Вы — наша гордость!

#адал_азамат

03.02.2026

Қызықты үзіліс: дәстүрлерді жаңғыртамыз! Занимательная переменка: возрождаем традиции!

https://youtu.be/xcvtBVBo0C0?si=ou9OPq-l-W6PLlBr

03.02.26 «Қызықты үзіліс: дәстүрлерді жаңғыртамыз!»

Пән апталығы өз жалғасын табуда. Бүгін мектеп дәліздері асықтың сыңғырлаған үніне толды. Біздің педагогтер балаларға арнап ұлттық ойындардың ең сүйікті ойындарының бірі - «Асық ату» ойынын өткізді.

Ойынның мақсаты қарапайым әрі қызықты: ойыншылар дәл көздеп лақтыру арқылы қарсыласының асықтарын шеңберден шығарып алуы керек. Ұлттық дәстүрлермен ойын арқылы танысу балалардың өз тарихын тереңірек сезініп, қадірлеуіне көмектеседі. Осындай қызықты үзілістер дәстүрді сақтау көңілді әрі белсенді түрде де мүмкін екенін дәлелдейді. Балалар күні бойына жететін сергектік пен жағымды эмоцияға бөленді.

03.02.26 «Занимательная переменка: возрождаем традиции!»

Предметная неделя продолжается, и сегодня коридоры школы наполнились звонким стуком асыков. Наши педагоги провели для ребят одну из самых любимых национальных игр - «Асық ату». Цель проста и азартна: игрокам нужно метким броском выбить асыки соперника из круга. 

Знакомство с национальными традициями в игровой форме помогает детям лучше чувствовать и ценить свою историю. Такие «занимательные переменки» доказывают: сохранять традиции можно весело и активно! Ребята получили огромный заряд бодрости и положительных эмоций на весь учебный день.

А вы в детстве играли в асыки? Делитесь в комментариях!

#адал_азамат

02.02.2026

Жалпымектептік саптық жиын. Общешкольная линейка.

https://youtu.be/RMyTcy0uhAQ?si=3O8d_Wt67WneOMNY

2 ақпанда мектебімізде еңбекке баулу және тәрбие МӘҚ-нің “Еңбек калейдоскобы: оқимыз, еңбектенеміз, жасаймыз!” атты пән апталығының ашылуына арналған жалпы мектептік саптық жиын өтті. Әдістемелік қызметтің жетекшісі С. А. Вдовицкая апталықтың жоспарымен таныстырды. Саптық жиынға түрлі мамандық иелері — құрылысшы, гүл өсіруші, тігінші, аспаз қатысып, оқушыларға қызықты тапсырмалар ұсынды. Білім алушылар үлкен текшелерден үй тұрғызып, гүлдерді «егіп», «суарып», болашақ дизайнерлер «Көйлек» пазлын құрастырды, ал жас аспаздар аспазбен бірге ұлттық тағамдардың құрамын ажыратып үйренді. Іс-шара көңілді, белсенді әрі өте танымдық түрде өтті. Біз оқушыларымыздың қиялы ұшқыр, еңбекқор, нағыз шебер екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Баршаңызға сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!

2 февраля в нашей школе прошла общешкольная линейка, посвященная открытию предметной недели ШМС трудового обучения и воспитания «Трудовой калейдоскоп: учимся, трудимся, созидаем»!

Руководитель методической службы Вдовицкая С.А. представила план недели. На линейку с интересными заданиями пришли представители профессий: строитель, цветовод, швея, повар. Учащиеся возводили дом из больших кубиков, «сажали» и «поливали» цветы, будущие дизайнеры собирали пазл «Платье», юные кулинары вместе с поваром разбирались в ингредиентах национальных блюд. Это было весело, активно и очень познавательно! Мы убедились: наши ребята — настоящие умельцы, полные фантазии и трудолюбия. Желаем всем удачи и творческого вдохновения!

#адал_азамат

02.02.2026

ӘТБ сабағындағы білімге бастар виртуалды жүзу. Виртуальное плавание за знаниями на уроке СБО.

https://youtu.be/4WzXKryF9go?si=W3cRkd8EH9m_dHCx

02.02.26. ӘТБ сабағындағы білімге бастар виртуалды жүзу.Еңбекке баулу пәндік апталығы аясында 9-сынып білім алушылары сынып бөлмесінен шықпай-ақ, қызықты теңіз саяхатына аттанды. Мұғалім-дефектолог Н. Л. Семенютаның жетекшілігімен әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау пәнінен «Балық тағамдары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында балалар Андаман, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларына виртуалды түрде сапар шекті. Жол бойында оларды танымдық тапсырмалармен толықтырылған интерактивті карта жетелеп отырды. Бұл — дұрыс әрі пайдалы тамақтану тақырыбына шынайы ену болды. Белсенді оқыту стратегияларын қолдану оқушыларға проблемалық тапсырмаларды тиімді шешуге, оқу материалын жеңіл әрі қызығушылықпен меңгеруге мүмкіндік берді. Сабақ көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды. Саяхат оқушыларға көптеген жарқын әсер қалдырды, және ең бастысы — болашақта өз бетінше өмір сүруде қажет болатын тәжірибелік білім қалыптастырды.

02.02.26. Виртуальное плавание за знаниями на уроке СБО. В рамках предметной недели трудового обучения ученики 9 класса отправились в захватывающее морское путешествие, не покидая стен кабинета. Под руководством учителя-дефектолога Семенюта Н.Л. прошел открытый урок по социально-бытовой ориентировке на тему: «Блюда из рыбы». Ребята совершили переход к берегам Андаманского, Черного и Каспийского морей. В пути им помогала интерактивная карта с познавательными заданиями. Это было настоящее погружение в тему здорового питания! Использование активных стратегий позволило ученикам эффективно решать проблемные задачи и усвоить материал легко и с интересом. Урок завершился на волне позитива! Путешествие оставило море ярких впечатлений и, самое главное, практических знаний, которые пригодятся ребятам в самостоятельной жизни.

#адал_азамат

02.02.2026

Еңбекке баулу және тәрбие МӘҚ-нің пәндік апталығы «Еңбек калейдоскобы: оқимыз, еңбектенеміз, жасаймыз». Предметная неделя ШМС трудового обучения и воспитания «Трудовой калейдоскоп: учимся, трудимся, созидаем».

https://youtu.be/wtJj7DZJtxc?si=vGm4DU4NeLBogxci

02.02.26

Бүгін мектебімізде еңбекке баулу және тәрбие МӘҚ-нің пәндік апталығы «Еңбек калейдоскобы: оқимыз, еңбектенеміз, жасаймыз» тақырыбымен өз жұмысын бастады. Алғашқы күн жарқын да мазмұнды өтті. Мектеп фойесінде «Адал азамат» атты көрнекі стенд ұйымдастырылды. Оқушылар мен ата-аналар кәсіби еңбек құндылықтары мен жауапты азамат бейнесін айқындайтын фотосуреттермен қызығушылықпен танысты.

Біз барлық қонақтар мен қатысушыларға арнап «Мектептегі кәсіби-еңбекке оқыту»: шеберханалардағы алғашқы қадамдардан бастап, қала кәсіпорындары мен колледждерге жасалған мазмұнды экскурсиялар қамтылған бейне материалдар дайындадық. 

Балалар экраннан өздерін және достарын көріп, еңбекке толы сәттер мен ортақ жетістіктерін қуанышпен еске алды. Жаңалықтарымызды қадағалап отырыңыздар, алда әлі де қызықты шаралар күтіп тұр!

02.02.26

Сегодня в нашей школе стартовала предметная неделя ШМС трудового обучения и воспитания «Трудовой калейдоскоп: учимся, трудимся, созидаем». Первый день прошел ярко и насыщенно. В фойе школы развернулся красочный стенд «Адал-азамат». Ученики и родители с интересом изучали фотографии, олицетворяющие ценности профессионального труда и ответственного гражданина.

Для всех гостей и участников мы подготовили видеоматериал «Профессионально-трудовое обучение в школе»: от первых шагов в мастерских до серьезных экскурсий на предприятия города и в колледжи.

Ребята с восторгом узнавали себя и своих друзей на экране, вспоминая рабочие моменты и общие успехи.

Следите за нашими новостями, впереди всё самое интересное!

#адал_азамат

01.02.2026

Қосымша білім беру үйірмесі.Кружок дополнительного образования.

https://youtu.be/CObUTq_Ekmk?si=n5g-gjP0d_XLGdrC

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында демалыс күнгі топ тәрбиеленушілері шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, жауапкершілігін арттыруға және танымдық әрекетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ететін ЖТС-ның “Wood art” қосымша білім беру үйірмесіне қатысады.

В рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат» воспитанники группы выходного дня посещают кружок дополнительного образования СЮТ "Wood art", что способствует развитию творческих способностей, формированию умений работать в коллективе, расширению кругозора, ответственности и интереса к познавательной деятельности.

#адал_азамат

30.01.2026

Кітапханаға экскурсия.Экскурсия в библиотеку.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Саран қаласының №3 филиал кітапханасына барды.

Кездесу барысында «Менің арманым» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Кітапханашы Л. Н. Ковшова жемістерден шпажкаға канапе дайындау тәсілін айтып, оны көрнекі түрде көрсетті. Балалар үдеріске үлкен қызығушылықпен және қуанышпен қатысты. Осындай бірлескен іс-әрекет шығармашылық қабілеттердің дамуына, ұжымдық бірліктің нығаюына ықпал етіп, жылы әрі достық атмосфера қалыптастырады. Сондықтан аталған іс-шара балалардың есінде жарқын әрі жағымды әсер қалдырды.

В рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат» и социального проекта «Балалар кітапханасы» воспитанники школы-интерната посетили библиотеку-филиал № 3 г. Сарани. В ходе встречи был проведён мастер-класс «Моя мечта». Библиотекарь Ковшова Л. Н. рассказала и наглядно показала, как приготовить фруктовые канапе на шпажках. Ребята с большим интересом и удовольствием участвовали в процессе. Такое совместное времяпрепровождение способствует развитию творческих навыков, сплочённости и создаёт тёплую, дружескую атмосферу, поэтому мероприятие оставило у детей яркие и положительные впечатления.

#адал_азамат

29.01.2026

Профилактикалық әңгіме.Профилактическая беседа.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі М. Е. Майпасов «Дропер болмаудың жолдары», «Есірткіге қарсы іс-қимыл» тақырыптарында профилактикалық әңгімелер өткізді. Әңгімелер практикалық жағдайларды талқылаумен, сұрақ-жауаппен және өмірден алынған нақты мысалдарды қарастырумен қатар жүргізілді. Бұл өз кезегінде тәрбиеленушілердің құқықтық сауаттылығын, жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етті.

В рамках реализации единой программы воспитания «Адал азамат» старшим оперуполномоченным отделом криминальной полиции Майпасовым М.Е. проведены профилактические беседы «Как не стать дропером», «Противодействие наркомании». Беседы сопровождались обсуждением практических ситуаций, вопросами и разбором конкретных примеров из жизни, что способствовало формированию правовой грамотности, ответственного поведения.

#адал_азамат