Poll
Первый вопрос голосования

Новости сайта

Полный текст "Новости сайта"
17.02.2026

«Заттарды атау және оларды кім? не? сұрақтары арқылы ажырату» ашық сабақ. Открытый урок «Называние предметов и различение их по вопросам кто? что?».

17 ақпан күні «Білім ізденісінде» пән апталығы аясында және Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі Ресурстық орталықтың жоспарына сәйкес 2-сыныпта «Заттарды атау және оларды кім? не? сұрақтары арқылы ажырату» тақырыбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Педагог И. К. Михайличенко білім алушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, түрлі түзету-дамыту жаттығулары мен сараланған тапсырмаларды қолданды. Сабақ барысында білім алушылардың сөйлеу тілін, зейінін және ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ инклюзивті білім беру үдерісін қолдауға бағытталған әртүрлі жұмыс түрлері пайдаланылды. Балалар тақтада, дәптерде және ойын тапсырмаларын орындау барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті, сұрақтарға белсенді жауап беріп, жаңа материалға қызығушылық танытты. Сабақ жылы, жағымды эмоционалдық ахуалда өтті. Іс-шараға келген қонақтар педагог пен білім алушыларға сапалы дайындықтары және ашық сабақты жоғары деңгейде өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.

17 февраля в рамках предметной недели «Мы в поиске знаний» и по плану Ресурсного центра по поддержке инклюзии состоялся открытый урок русского языка во 2 классе на тему: «Называние предметов и различение их по вопросам кто? что?».

Педагог Михайличенко И.К. познакомила обучающихся с новой темой, используя разнообразные коррекционные упражнения и дифференцированные задания. В ходе урока были применены различные формы работы, направленные на развитие речи, внимания и мышления обучающихся, а также на поддержку инклюзивного образовательного процесса.

Ребята продемонстрировали свои умения работать у доски, в тетрадях и в игровых заданиях, активно отвечали на вопросы и проявляли интерес к изучаемому материалу. Урок прошёл в тёплой, эмоционально-положительной обстановке.

Гости мероприятия поблагодарили педагога и обучающихся за качественную подготовку и высокий уровень проведения открытого урока.

#адал_азамат

16.02.2026

Бастауыш оқыту және тәрбиелеу МӘҚ-нің «Біз білім ізденісіндеміз» атты пән апталығының салтанатты ашылуы өтті.Торжественное открытие предметной недели школьной методической службы начального обучения и воспитания под названием «Мы в поиске знаний».

16 ақпан күні мектеп-интернатында бастауыш оқыту және тәрбиелеу МӘҚ-нің «Біз білім ізденісіндеміз» атты пән апталығының салтанатты ашылуы өтті. Қонақтарды алда болатын апталықтың толық мәліметтенген жоспары ұсынылған фойедегі безендірілген ақпараттық стенд күтіп тұрды. Ашылу аясында жалпы мектептік жиын өткізіліп, онда педагогтер білім алушылар мен қонақтарды жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Ерекше қызығушылық тудырғаны – қазақтың ұлттық ертегілері кейіпкерлерінің қатысуымен өткен зейінге арналған музыкалық ойын болды. Білім алушылар қатысушыларды мұқият тыңдап, ойынға белсенді қатысып, уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізді. Пән апталығының ашылуы жылы, достық атмосферада өтіп, мазмұнды әрі танымдық аптаның жарқын бастамасына айналды.

16 февраля в школе-интернате состоялось торжественное открытие предметной недели школьной методической службы начального обучения и воспитания под названием «Мы в поиске знаний». Гостей встречало красочно оформленное фойе, где на информационном стенде был представлен подробный план предстоящей недели. В рамках открытия прошла общешкольная линейка, на которой педагоги пригласили обучающихся и гостей принять активное участие в запланированных мероприятиях.

Особый интерес вызвала музыкальная игра на внимание с участием героев казахских национальных сказок. Обучающиеся внимательно слушали выступающих, активно участвовали в игре и с пользой провели время.

Открытие предметной недели прошло в тёплой, дружеской атмосфере и стало ярким началом насыщенной и познавательной недели.

#адал_азамат

16.02.2026

#адал_азамат

https://youtu.be/5f21WsEM3sw?si=1OJww2yf2VwKNkAe

#адал_азамат 

15.02.2026

Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күні.День вывода войск из Афганистана.

https://youtu.be/qMwV2J2xnJU?si=SgdzVtxyJuf0CCb5

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес демалыс күнгі топта Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Балалар 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысының тарихи оқиғаларымен танысып, интернационалдық борышын өтеген жауынгерлердің ерлігі мен батырлығы туралы білді. Іс-шара барысында әңгіме ұйымдастырылып, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді еске алу мақсатында тақырыптық презентация көрсетілді.

По плана воспитательной работы в группе выходного дня проведено внеклассное мероприятие, посвящённое Дню вывода войск из Афганистана. Ребята познакомились с историческими событиями Афганской войны 1979–1989 годов, узнали о мужестве и героизме солдат выполнявших интернациональный долг. В ходе мероприятия была организована беседа, просмотр тематической презентации в память о погибших воинах-интернационалистах.

#адал_азамат

15.02.2026

Мектеп мұражайына экскурсия.Экскурсия в школьный музей.

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес демалыс күнгі топта мектеп мұражайына экскурсия өткізілді. Тәрбиеленушілер қазақ халқының дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігімен, тұрмыстық бұйымдарымен және ұлттық киім үлгілерімен танысты. Экскурсия тарихи мұраға құрметпен қарауды қалыптастыруға, туған өлкенің мәдениетіне деген қызығушылықты дамытуға және патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етті.

По плана воспитательной работы в группе выходного дня проведена экскурсия в школьный музей. Воспитанники познакомились с традициями и образом жизни казахов, предметами домашнего обихода и национальной одежды. Экскурсия способствовала формированию уважительного отношения к историческому наследию, развитию интереса к культуре родного края и воспитанию чувства патриотизма.

#адал_азамат

15.02.2026

Колледжге экскурсия.Экскурсия в колледж.

https://youtu.be/GT_oN34n25c?si=tbgZPANW9mmAfSPg

Болашақ бүгіннен басталады!13 ақпан күні біздің оныншы сынып оқушылары мамандықтар әлеміне қызықты саяхат жасап, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжіне экскурсияға барды. Балалар инновациялар орталығының шеберханаларын аралап, дрондардың әсерлі сынақтарын тамашалады. Сондай-ақ бізге дәнекерлеу, ағаш ұсталығы және жиһаз жасау өндірістерінде мамандардың қалай жұмыс істейтіндерін көрсетті.

Әсіресе қыш өнері мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау шеберханалары ерекше әсер қалдырды. Сурет пәнінің оқытушысы Нина Николаевна оқушыларымызға эскиздік графика бойынша эксклюзивті шеберлік сабағын өткізді. Әрқайсысы өзін аз да болса суретші-дизайнер ретінде сезініп көрді!

Мектепті аяқтағаннан кейін түлектеріміз осы колледжде оқуын жалғастырып, «Көркемөнер бұйымдарын дайындаушы» шығармашылық біліктілігін ала алады.

Мамандық таңдау — маңызды қадам, ал осындай кездесулер оны сенімді түрде жасауға көмектеседі!

Будущее строится сегодня!

13 февраля наши десятиклассники отправились в увлекательное путешествие в мир профессий — на экскурсию в Карагандинский технико-строительный колледж. Ребята посетили мастерские центра инноваций, где увидели впечатляющие испытания дронов. Нам показали, как работают профессионалы в сварочном, столярном и мебельном производстве. Особенное впечатление оставили уютные мастерские гончарного дела и по созданию изделий декоративно-прикладного искусства. Преподаватель живописи Нина Николаевна провела для наших учеников эксклюзивный мастер-класс по эскизной графике. Каждый смог почувствовать себя немного художником-дизайнером!

По окончании школы наши выпускники могут продолжить обучение в этом колледже и получить творческую квалификацию - «Изготовитель художественных изделий». Выбор профессии - это важный шаг, и такие встречи помогают сделать его уверенно!

#адал_азамат

13.02.2026

Гүл шоқтарын қою.Возложение цветов.

Еске алу күні қарсаңында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған «Қара қызғалдақ» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Балалар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың батылдығы мен ерлігіне терең құрмет білдірді. Акция ел тарихына құрмет көрсету мен өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік және жауынгерлердің ерлігіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеудің көрінісі болды.

В преддверии памятной даты воспитанники школы-интерната возложили цветы к памятнику «Черный тюльпан» погибшим воинам-интернационалистам. Ребята почтили память погибших минутой молчания и выразили глубокое уважение к их мужеству и подвигу. Акция стала проявлением уважения к истории страны и воспитания у подрастающего поколения чувства патриотизма, гражданской ответственности и гордости за подвиг воинов.

#адал_азамат

13.02.2026

Халықаралық кітап сыйлау күні.Международный день дарения книг.

https://youtu.be/BX_Tuwkx2Zw?si=qwjdq3OIYMQCeDCO

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын және «Балалар кітапханасы» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері кітап сыйлау акциясына қатысты. Балалар өздерінің сүйікті шығармаларын әкеліп, мектеп кітапханасына тарту етті. Акция оқу мәдениетін қалыптастыруға, кітапқа ұқыпты қарауға және көркем әдебиетке қызығушылықты дамытуға ықпал етті. Өткізілген іс-шара тәрбиеленушілерді білім мен кітапқа деген сүйіспеншілік төңірегіне біріктіретін игі дәстүрге айналды.

В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» и социального проекта «Балалар кітапханасы» в преддверии Международного дня дарения книг воспитанники школы – интерната приняли участие в акции по дарению книг. Ребята принесли свои любимые произведения и подарили их школьной библиотеке. Акция способствовала формированию культуры чтения, бережного отношения к книге и развитию интереса к художественной литературе. Проведённое мероприятие стало доброй традицией, объединяющей воспитанников вокруг любви к знаниям и книге.

#адал_азамат

13.02.2026

«Арнайы мектеп-интернатының жағдайындағы жобалық қызмет» онлайн-кездесу.Онлайн-встреча «Проектная деятельность в условиях специальной школы-интерната».

Инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі Ресурстық орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес «Арнайы мектеп-интернатының жағдайындағы жобалық қызмет» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға арналған арнайы мектеп-интернатында жобалық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды. Арнайы білім беру жағдайында жобалық қызметтің айқын түзете-дамыту бағыттылығы болатыны және ол зиятында бұзылысы бар әрбір баланың дамуындағы жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылатыны атап өтілді. Кездесуге қатысушылар тәжірибе алмасып, жобалық қызметті ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістерін, сондай-ақ оны балалардың жеке білім беру қажеттіліктеріне сәйкес бейімдеу мүмкіндіктерін талқылады.

В соответствии с планом работы Ресурсного центра по поддержке инклюзии состоялась онлайн-встреча на тему «Проектная деятельность в условиях специальной школы-интерната». В ходе встречи были рассмотрены особенности организации проектной деятельности в специальной школе-интернате для обучающихся с особыми образовательными потребностями. Отмечено, что в условиях специального образования проектная деятельность приобретает выраженную коррекционно-развивающую направленность и строится с учётом индивидуальных особенностей развития каждого ребёнка с нарушением интеллекта.

Участники встречи обменялись практическим опытом, обсудили эффективные формы и методы организации проектной деятельности, а также возможности её адаптации с учётом индивидуальных образовательных потребностей детей.

#РесурсныйЦентр #УМЦРОКО #ИнклюзивноеОбразование