Poll
Первый вопрос голосования

Новости сайта

Полный текст "Новости сайта"
10.12.2024

Общешкольной линейка «Открой для себя сокровища знаний!»

2024 жылдың 10 желтоқсанында «Білім қазынасын аш!» атты жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім берудің мектептік әдістемелік қызметінің пәндік апталығының ашылуы өтті, онда Копбаева Е.В. және Тугельбаева Л.А. жиналғандарды іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 5 «А» сынып білім алушысы Беляев Кирилл мен 8 «Б» сынып білім алушысы Левицкий Глеб білімнің маңыздылығы туралы қызықты тақпақтар оқыды. Апталықтың ашылуы туралы тұсаукесер бейнеролик жиналғандардың көңіл – күйлерін көтерді

10.12.24 г. на общешкольной линейке состоялось открытие предметной недели школьных методических служб естественно-математического и гуманитарного образования «Открой для себя сокровища знаний!», где Копбаева Е.В. и Тугельбаева Л.А. познакомили присутствующих с планом мероприятий. Обучающиеся 5 «А» класса Беляев Кирилл и 8 «Б» класса Левицкий Глеб подготовили интересные стихотворения о важности знания. Презентационный видеоролик об открытии недели поднял настроение всем присутствующим.

#біртұтас_тәрбие

09.12.2024

Көңілді үзіліс "Көңілді ойындар".Занимательная переменка «Весёлые игры».

09.12.2024 ж. педагог Т. П. Ильина 5-10 сынып оқушыларымен "Көңілді ойындар" ойын-сауық үзілісін өткізді. Балалар: “Допты ауыстыр",

"Лабиринт","Құрылысшы", “Еңбекқор Моталист", “Рулетка" ойындарын ойнады. Қатысушылар тамаша нәтижелер мен ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын, зейінділіктерін көрсетті. Балалар көңілді үзілістің қызықты ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысты.

09.12.2024г педагогом Ильиной Т.П. была проведена занимательная переменка «Весёлые игры», с обучающимися 5-10 классов. Ребята играли в весёлые игры: «Переложи мяч», «Лабиринт», «Строитель», «Старательный мотальщик», «Рулетка». Участники показали отличные результаты и продемонстрировали моторную ловкость, быстроту, сообразительность, находчивость и внимание. Ребята с большим удовольствием принимали участие в увлекательных играх весёлой переменки.

#біртұтас_тәрбие

09.12.2024

"Антарктида табиғатының ерекшеліктері"география сабағы.Урок географии «Особенности природы Антарктиды».

09.12.2024 ж. педагог Т. П. Ильина 5-10 сынып оқушыларымен "Көңілді ойындар" ойын-сауық үзілісін өткізді. Балалар: “Допты ауыстыр",

"Лабиринт","Құрылысшы", “Еңбекқор Моталист", “Рулетка" ойындарын ойнады. Қатысушылар тамаша нәтижелер мен ептіліктерін, жылдамдықтарын, тапқырлықтарын, зейінділіктерін көрсетті. Балалар көңілді үзілістің қызықты ойындарына үлкен қызығушылықпен қатысты.

09.12.2024г педагогом Ильиной Т.П. была проведена занимательная переменка «Весёлые игры», с обучающимися 5-10 классов. Ребята играли в весёлые игры: «Переложи мяч», «Лабиринт», «Строитель», «Старательный мотальщик», «Рулетка». Участники показали отличные результаты и продемонстрировали моторную ловкость, быстроту, сообразительность, находчивость и внимание. Ребята с большим удовольствием принимали участие в увлекательных играх весёлой переменки.

#біртұтас_тәрбие

09.12.2024

Неделя школьных методических служб естественно-математического и гуманитарного образования.

https://youtu.be/1Im2BnCpbO0?si=6rnuMsXAnQ-PS0cM

С 09.12.24 по 13.12.24 года в школе интернате началась неделя школьных методических служб естественно-математического и гуманитарного образования.. В фойе школы в этот день учителями Копбаевой Е.В. и Тугельбаевой Л.А. был оформлен информационно-познавательный стенд "Открой для себя сокровища знаний", а библиотекарем Кириакиди И.Ю. - фотозона "Байтерек знаний".

 

09.12.24-13.12.2024 ж. аралығында мектеп-интернатында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім беру мектеп әдістемелік қызметтерінің апталығы басталды. Мектеп фойесінде педагогтар Копбаева Е.В. және Тугельбаева Л.А. «Білім қазынасын аш» ақпараттық-танымдық стенд безендіріліп, кітапханашы Кириакиди И.Ю. «Білім Бәйтерегі» фотоаймағын рәсімдеді.

#біртұтас_тәрбие

06.12.2024

«Адалдық пен ізгілік» бейнероликтер. Видеоролики «Честность и добропорядочность».

https://youtu.be/6FKfRYE1q-k?si=EHwtteiKGKb2j61B

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен «Адалдық пен ізгілік» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

Бейнероликтер балаларға үлкен әсер қалдырып, қызығушылық тудырды. Фильмді көріп болған соң, олар көргендерін талқылап, достасуда тек адалдық, көреалмаушылық пен өтіріктен аулақ болу керектігін қорытындылады. Сонымен қатар, адамның қасиеттері туралы әңгімелесіп, әркімнің қателесу мүмкіндігін және ең алдымен өзіне адал болуды үйрену маңызды екенін атап өтті.

В рамках Международного дня борьбы с коррупцией с воспитанниками школы – интерната были просмотрены видеоролики на тему: «Честность и добропорядочность».

Видеоролики вызвали у ребят эмоциональный отклик и интерес. После просмотра фильма было обсуждение увиденного, сделали вывод, что дружить нужно только честно, без зависти и лжи. Говорили о качествах человека, что каждый может ошибаться и нужно научиться быть честным самим с собой.

#біртұтас_тәрбие

04.12.2024

Внеклассное мероприятие «Час честности».

https://youtu.be/KITpA587lxs?feature=shared

04.12.2024

С днём рождения родная школа!!!

https://youtu.be/2DMtsGktQjg?si=9Z7NCSaPnfZSGLcd

3 желтоқсан күні ҚОББ №9 арнайы мектеп-интернатының құрылғанына 60 жыл толуы аталып өтті.

Бұл оқиға оқушыларды, педагогтерді, түлектерді және мектеппен қандай да бір байланысы бар жандарды біріктірді. Бұл жай ғана мереке емес, нағыз естеліктер, жетістіктер және болашаққа жоспарлар күні болды.

Мектеп ұжымын және тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтауға Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Т. Болкенбаев, Қарағанды облыстық білім беру әдістемелік орталығының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі А. Х. Калмагамбетова, Саран қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. А. Туртбаева, білім беру қызметкерлерінің “Білім” жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы А. М. Жамбеисова, педагогикалық еңбек ардагерлері, арнайы білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

 

Мектеп педагогтері мен оқушылары бұл күнге үлкен дайындықпен келіп, мерекелік бағдарламаларын ұсынды.

Қонақтарға мектептің парламент мүшелері дайындаған «Біздің мектеп кеше, бүгін, ертең» атты бейнежоба көрсетілді. Жоба мектеп-интернатының қалыптасу тарихы, әр жылдары жұмыс істеген директорлары мен педагогтері жайлы баяндады. Мерекеге қатысушылар 60 жылдық тарихты қайта бастан кешкендей болып, мектеп тарихына өздерінің де үлесі бар екенін сезінді.

Мерекелік іс-шара аясында қонақтарға әртүрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, ал мектептің театр үйірмесінің оқушылары өз актерлік шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, ерекше форматта квест-ойын түрінде мектеп бойынша экскурсия өткізілді. Қонақтар мектеп мұражайын аралап, мектеп шежіресімен, фотосуреттермен және оның құрылған сәтінен бастап сақталған мұрағаттық құжаттармен танысты. Сондай-ақ, қонақтар өз тілектерін арнайы қонақтар кітабына қалдырды.

Біздің мектеп – бұл әркімге жылу мен жайлылық сыйлайтын үй, қайта оралғың келетін орын.

Бұл – баланың әлемді тануға және өзін дамытуға қызығушылығын оятатын мекен. Техникалық мүмкіндіктерімен қоса, мектепте ерекше жылылық пен жайлылық атмосферасы қалыптасқан. Ал ең бастысы – біздің мектептің жаны, ол оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың ұжымымен қалыптасады.

04.12.2024

С днём рождения родная школа!

https://youtu.be/o8kkyDbXj0k?si=1SO_t9GX-tBE8O5a

Күннің қорытындысы мектептің 60 жылдығына арналған мерекелік концерт болды. Зал көрермендерге лық толды.

Концерттік бағдарлама өзінің әртүрлілігімен және кәсібилігімен барлығын тәнті етті. Балалар бар жандарын салып өнер көрсетті. Қонақтар тек қана жағымды көңіл күй мен өмірге деген құштарлық: таңдану мен сүйсіну, ләззат пен қуаныш сезімдерін бастан өткерді. Бәлкім, бір де бір іш пысу мен немқұрайлық болмаған шығар.

Концерттік бағдарламаны талантты балалардың шығармашылық нөмірлері құрады, олар қонақтарға арнап әндер, билер, тақпақтар мен көріністер дайындады. Әрбір нөмір мектептің педагогтеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке толы болды.

Мектеп пен оның ұжымына арналған жылы лебіздер сахнадан бірнеше мәрте айтылды, ал осы күннің ең үздіктеріне Қарағанды облысының білім басқармасы мен оқу-әдістемелік орталығының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. ҚОББ өкілі мектепке 5 миллион теңгенің сертификатын, «Білім» кәсіподағы 100 000 теңгенің сертификатын, ал Саран қаласының әкімдігі теледидар сыйға тартты.

Концерттің ең әсерлі сәттерінің бірі – сүйікті мектептің туған күніне арналған шамдары жанып тұрған үлкен, әсем торт болды. Бұл тосынсыйды біздің демеушіміз «Оптима» супермаркеті сыйлады.

Мерекелік концерт қонақтар мен көрермендердің жүрегінде жарқын әсер қалдырды. Мектептің 60 жылдығы әлі ұзақ уақыт есте қалар ерекше оқиғаға айналды. Бұл мереке дәстүрлерді сақтау мен әр адамның ортақ іске қосқан үлесін бағалаудың маңыздылығын көрсетті.

Мектепке өркендеу, өз тарихына тағы да көптеген даңқты беттер қосуын, ұжымға — шығармашылық табыс, ал оқушыларға — жарқын болашақ тілейміз!

24.11.2024

«Кайнар» мектеп мұражайына экскурсия. Экскурсия в школьный музей «Кайнар».

Тәрбиелік жұмыс жоспары мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында демалыс күнгі топтың тәрбиеленушілерімен «Қайнар» мектеп мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Балалар өздерінің кіші Отандарының, туған мектептерінің тарихымен, жерлестерінің жауынгерлік және еңбек ерліктерімен, ата-бабаларымыздың тұрмысымен танысты. Тәрбиеленушілер жәдігерлерді қызығушылықпен қарап, әртүрлі халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайлы әңгімелерді тыңдады.

По плану воспитательной работы и в рамках реализации программы воспитания «Біртұтас тәрбие» с воспитанниками группы выходного дня была проведена экскурсия в школьный музей «Кайнар». Ребята наглядно ознакомились с историей своей малой Родины, своей родной школы, боевыми и трудовыми подвигами земляков, бытом наших предков. Воспитанники с любопытством рассматривали экспонаты и слушали рассказы о традициях и обычаях разных народов.

#Біртутас_тарбие

#oqu_agartu_ministrligi

#gani.beisembayev

#medetbekovameruert