Новости
Суреттер мен қабырға газеттерінің байқауы.Конкурс рисунков и стенгазет.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында және Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп-интернатында тәрбиеленушілердің бойында ұлттық дәстүрлерге, мәдени мұраға және халықтың рухани құндылықтарына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған суреттер мен қабырға газеттерінің байқауы өткізілді. Балалар өз жұмыстарында табиғаттың көктемгі жаңаруын, ұлттық салт-дәстүрлерді және достық, бірлік пен ізгілік атмосферасын бейнелеп, шығармашылық белсенділік танытты.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» и в преддверии праздника Наурыз в школе-интернате проведён конкурс рисунков и стенгазет, направленный на формирование у воспитанников уважения к национальным традициям, культурному наследию и духовным ценностям народа. Ребята проявили творческий подход, отразив в своих работах весеннее обновление природы, национальные обычаи и атмосферу дружбы, единства и добра.
#nauryznama2026
#адал_азамат
Профилактикалық әңгіме.Профилактическая беседа.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Саран қ. қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі М.Е. Майпасовтың қатысуымен көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында білім алушыларға көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, бейтаныс адамдармен араласу және интернетті пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы еске салынды.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» была проведена профилактическая беседа по вопросам безопасности в период весенних каникул с участием старшего оперуполномоченного отдела криминальной полиции г. Сарани Майпасова М.Е. В ходе встречи обучающимся напомнили о правилах безопасного поведения на улице и в общественных местах, ответственности за правонарушения, о мерах предосторожности при общении с незнакомыми людьми и использовании интернета.
#адал_азамат
Кітап көрмесі.Книжная выставка.
Мектеп-интернатының кітапханасында тәрбиеленушілерге көктем мерекесіне арналған «Наурыз достарын шақырады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара тәрбиеленушілерді қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыруға, кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға және олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталды. Көрмеде Наурыз мерекесі, халықтық әдет-ғұрыптар, қонақжайлылық дәстүрлері, ұлттық тағамдар мен көктемгі салт-жоралар туралы кітаптар, балалар энциклопедиялары және иллюстрацияланған басылымдар ұсынылды. Балалар мерекенің тарихымен танысып, Наурыздың неліктен табиғаттың жаңаруының, достықтың және ізгі тілектердің символы саналатынын білді. Кітап көрмесі балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға, ұлттық дәстүрлерге деген құрметін арттыруға және Қазақстанның мәдени мұрасы туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етті.
В библиотеке школы-интерната для воспитанников была оформлена книжная выставка «Наурыз приглашает друзей», посвящённая весеннему празднику Наурыз. Мероприятие направлено на знакомство воспитанников с традициями и культурой казахского народа, формирование интереса к чтению и расширение кругозора. На выставке были представлены книги, детские энциклопедии и иллюстрированные издания о празднике , народных обычаях, традициях гостеприимства, национальных блюдах и весенних обрядах. Ребята познакомились с историей праздника, узнали, почему Наурыз считается символом обновления природы, дружбы и добрых пожеланий. Книжная выставка способствовала развитию познавательного интереса, уважения к национальным традициям и формированию у детей представления о культурном наследии Казахстана.
#nauryznama2026
#адал_азамат
Сынып сағаты.Классный час.
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-интернатында «Наурыз – көктемгі береке-молшылық мерекесі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты мәдени мұраға құрмет көрсетуге тәрбиелеуге, достықты, бірлікті қалыптастыруға және халықтардың дәстүрлеріне оң көзқарасты дамытуға ықпал етті.
В рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат» в школе – интернате был проведен классный час: «Наурыз – праздник весеннего благоденствия». Классный час способствовал воспитанию уважения к культурному наследию, формированию дружелюбия, единства и позитивного отношения к традициям народов.
#nauryznama2026
#адал_азамат

Послание Президента
Государственные символы
Сайт Президента РК



Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания



Балалар жылы 2022