Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?

Методическая работа

Прикрепленные файлы
02.04.2026

Кәсіби сынама.Профпробы.

Цифрлық технологиялар мен дизайн әлеміне!

2 сәуір күні біздің мектеп түлектері Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжіне экскурсияға барып, болашақ мамандықтар әлемімен танысты. Қазіргі заман жаңа дағдыларды талап етеді, ал бұл колледж – заман талабына сай болғысы келетін жастар үшін тамаша орын. Балалар оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайтын сұранысқа ие мамандықтармен танысты:

 • Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы;

 • Баспаға дейінгі процестер операторы — баспаханалар мен баспа ісі саласына негіз болатын мамандық;

 • WEB-дизайнер — шығармашылық пен технология тоғысқан мамандық;

 • Шаштараз-стилист және басқа да бағыттар.

Түлектер сайттардың қалай жасалатынын, кәсіби баспа құрылғыларының қалай жұмыс істейтінін және стилисттердің ерекше образдар жасау үшін қандай құралдарды қолданатынын өз көздерімен көрді.

Экскурсия көптеген балаларға өз мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті. Колледж тек диплом ғана емес, өмірде өз орнын табуға және тәуелсіз маман болуға мүмкіндік беретін нақты кәсіп ұсынады.

Оқушыларымызға мазмұнды экскурсия ұйымдастырып, шабыт сыйлаған колледж әкімшілігі мен шеберлеріне алғысымызды білдіреміз! @kgkp_kkctid.krg

В мир цифровых технологий и дизайна!

2 апреля наши выпускники посетили с экскурсией Карагандинский колледж цифровых технологий и дизайна – мир профессий будущего.

Современный мир требует новых навыков, и этот колледж — идеальное место для тех, кто хочет идти в ногу со временем. Ребята познакомились с востребованными специальностями, обучение по которым длится 2 года и 10 месяцев:

- Оператор компьютерного аппаратного обеспечения; 

- Оператор допечатных процессов — база для работы в типографиях и издательствах;

- WEB-дизайнер — профессия на стыке творчества и технологий;

- Парикмахер-стилист и многие другие направления.

Выпускники увидели, как создаются сайты, как работает профессиональное печатное оборудование и какие инструменты используют стилисты для создания неповторимых образов.

Экскурсия помогла многим ребятам по-новому взглянуть на свои возможности. Колледж предлагает не просто диплом, а реальное ремесло, которое позволит нашим детям найти свое место в жизни и стать независимыми специалистами. 

Благодарим администрацию и мастеров колледжа за содержательную экскурсию и вдохновение для наших учеников! @kgkp_kkctid.krg

#адал_азамат

02.04.2026

#аутизмудетей #аутизм

#2апреля

#деньаутизма

#мыразныемыравные

#ерекшебалалар

#қолдау

#адал_азамат 

01.04.2026

Кәсіби сынама.Профпробы.

Мамандыққа жол таңдаймыз!

1 сәуір күні біздің түлектер Қарағанды технология және сервис колледжіне экскурсияға барып қайтты. Бұл жай ғана оқу кабинеттерімен танысу емес, әр адамға аса қажет әрі маңызды мамандықтар әлеміне шынайы саяхат болды! Колледж сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік береді: тігінші, жеке тапсырыс бойынша аяқ киім тігу және жөндеу шебері.

Ең қызықты сәт – кәсіби сынамалар болды. Тігін цехында оқушылар алғаш рет өндірістік тігін машиналарында жұмыс жасап көрді. Ал шаштараз-стилистер шеберханасында біздің жас шеберлер сәнді бұйралар жасап, әдемілік әлеміне қадам басты. Осындай кездесулер балаларға өз күшіне сенуге, еңбегінің кәсіби, табысты болып, өзгелерге қуаныш сыйлай алатынын түсінуге көмектеседі. Қарағанды технология және сервис колледжінің ұжымына жылы қарсы алғандары және «мамандықты сезініп көруге» мүмкіндік бергендері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! @kktisz75

Выбираем путь в профессию! 

1 апреля наши выпускники посетили с экскурсией Карагандинский колледж технологии и сервиса. Это было не просто знакомство с учебными кабинетами, а настоящее погружение в мир профессий, которые так важны и нужны каждому! Колледж открывает двери для обучения по востребованным специальностям: швея, мастер по индивидуальному пошиву и ремонту обуви.

Самым интересным моментом стали профпробы. В швейном цехе ребята впервые сели за настоящие промышленные швейные машины. А в мастерской парикмахеров-стилистов наши юные мастера создавали красоту, пробуя делать стильные локоны. Такие встречи помогают детям поверить в свои силы и увидеть, что их труд может быть профессиональным, успешным и приносить радость окружающим. 

Выражаем огромную благодарность руководству и мастерам Карагандинского колледжа технологии и сервиса за теплый прием и возможность «попробовать профессию на вкус»! @kktisz75

#адал_азамат

01.04.2026

#аутизмудетей #аутизм #адал_азамат

#аутизмудетей 

#аутизм

#адал_азамат

27.03.2026

Педагогикалық кеңес.Педагогический совет.

2026 жылғы 27 наурызда офлайн форматта педагогикалық кеңес өткізілді.

Күн тәртібі:

I. «Даму бағдарламасының көрсеткіштері мен индикаторларының орындалуы туралы ақпарат»

 1. «Мектеп-интернатының даму бағдарламасының 2-кезеңі».

 2. Мектеп-интернатында әзірленген әдістемелік ұсынымдарды таныстыру.

II. «Ұстаз» платформасында педагогтерді аттестаттау.

27 марта 2026 года в формате офлайн проведен Педагогический совет. Повестка дня: 

 I. «Информация о выполнении показателей и индикаторов Программы развития».

1. «2 этап Программы развития школы – интерната». 

2. Представление разработанных методических рекомендаций в школе-интернате. 

II. Аттестация педагогов на платформе «Устаз».

#адал_азамат 

27.03.2026

Директор жанындағы кеңес.Совещание при директоре.

Мектеп-интернатында директор жанындағы кеңес өткізілді. Күн тәртібі:

1. Электронды журналдың толтырылу жағдайы (ОІЖ жөніндегі орынбасары Г.Т. Маженова).

2. Сабаққа қатысу мониторингі (әлеуметтік педагог И.Р. Кагарманова).

3. «Еңбек калейдоскопы: үйренеміз, еңбектенеміз, жасаймыз» атты еңбекке баулу және тәрбиелеу МӘҚ пән апталығы (МӘҚ жетекшісі С.А. Вдовицкая).

4. «Біз білім жолындамыз» атты бастауыш оқыті және тәрбиелеу МӘҚ пән апталығы (МӘҚ жетекшісі И.Ф. Динисламова).

5. «Қысқы ертегілер» атты түзету-дамытушылық оқыту МӘҚ пән апталығы (ӘБ жетекшісі Т.А. Довгопол).

6. Мектеп бітіруші сыныптағы емтихандарға дайындық жұмыстары (ОІЖ жөніндегі орынбасары Г.Т. Маженова).

7. Педагог қызметкерлерді аттестаттау (ОІЖ жөніндегі орынбасары Г.Т. Маженова).

8. Педагогтердің сабақ жоспарларын тексеру (ОІЖ жөніндегі орынбасары Г.Т. Маженова).

9. Кәсіби бағдар беру жұмысының жағдайын (әлеуметтік педагог И.Р. Кагарманова).

10. Көктемгі мерекелерге дайындық барысы туралы (ТІЖ жөніндегі орынбасары Е.Е. Шмелева).

11. Тәрбиешілердің сабақтан тыс қызметі (үйірмелер жұмысы және қосымша білім беру) (ТІЖ жөніндегі орынбасары Е.Е. Шмелева).

12. Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру (ТІЖ жөніндегі орынбасары Е.Е. Шмелева).

В школе- интернате было проведено совещание при директоре.Повестка дня:

 1. Состояние заполнения электронного журнала (Зам по УР Маженова Г.Т.)

2. Мониторинг посещаемости (социальный педагог Кагарманова И.Р.)

3. Предметная неделя ШМС трудового обучения и воспитания «Трудовой калейдоскоп: учимся, трудимся, созидаем» (руководитель ШМС Вдовицкая С.А.)

4. Предметная неделя ШМС начального обучения и воспитания «Біз білім жолындамыз» (руководитель ШМС Динисламова И.Ф.)

5. Предметная неделя ШМС коррекционно-развивающего обучения «Қысқы ертегілер» (руководитель ШМС Довгопол Т.А.)

6. Работа по подготовке к экзаменам в выпускном классе (Зам по УР Маженова Г.Т.).

7. Аттестация педагогических работников (Зам по УР Маженова Г.Т.).

8. Проверка поурочных планов педагогов (Зам по УР Маженова Г.Т.).

9. Состояние профориентационной работы (социальный педагог Кагарманова И.Р.)

10. О ходе подготовки к весенним праздникам (зам по ВР Шмелева Е.Е.).

11. Внеурочная деятельность воспитателей (работа кружков и дополнительного образования) (зам по ВР Шмелева Е.Е.).

12. Организация питания в школьной столовой (зам по ВР Шмелева Е.Е.)

#адал_азамат

26.03.2026

«Шаршаудан шабытқа». «От усталости к вдохновению».

Педагог-психолог Мүшелбайқызы Лаура педагогтарға арналған «Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық сабақты өткізді. Сабақ барысында қатысушылар шығармашылық арқылы ішкі ресурстарын қалпына келтіріп, эмоционалдық күйзелісті төмендетіп, жаңа күш-қуат алды.

Педагог-психолог Мүшелбайқызы Лаура провела арт-терапевтическое занятие для педагогов «От усталости к вдохновению». В ходе встречи участники с помощью творческих практик восстановили внутренний ресурс, снизили эмоциональное напряжение и наполнились новыми силами и вдохновением.

#адал_азамат

15.03.2026

«Ауылдағы мереке» музыка пәнінен ашық сабақ!Открытый урок музыки «Праздник в ауле»!

2 «А» сыныбында музыкадан «Ауылдағы мереке» атты ашық сабақ өтті! Балалар қазақтың салт-дәстүрлерінің әлеміне еніп, «Музыкалық лото» ойыны арқылы домбыра мен қобыздың үнімен танысты, Димаш Құдайбергеннің орындауындағы сиқырлы «Қараторғай» әнін тыңдап, «Қара жорға» биін биледі және ерекше ықыласпен мерекелік «Наурыз» әнін шырқады!

Во 2 «А»классе прошёл открытый урок музыки «Праздник в ауле»! Дети погрузились в мир казахских традиций: узнали звучание домбры и кобыза в игре «Музыкальное лото», слушали волшебный «Қараторғай» в исполнении Димаша, танцевали «Қара жорға» и с большим старанием спели праздничную песню «Наурыз»!

#адал_азамат

13.03.2026

Дөңгелек үстел.Круглый стол.

13 наурызда жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім беру мектептің әдістемелік қызметтерінің пән апталығын қорытындылаған «Дөңгелек үстел» өтті. Педагогтер «SWOT-лабораториясының» қатысушылары болып, өткізілген сабақтар мен іс-шаралардың талдауын таныстырды, олардың күшті жақтарын, қиындықтарын, сондай-ақ келешектегі жұмыс мүмкіндіктері мен перспективаларын атап өтті.

13 марта состоялся «Круглый стол», завершивший предметную неделю школьных методических служб естественно-математического и гуманитарного образования. Педагоги стали участниками «SWOT-лаборатории», где представили анализ проведённых уроков и мероприятий, отметив их сильные стороны, трудности, а также возможности и перспективы дальнейшей работы.

#адал_азамат

13.03.2026

«Өз қолымызбен жасалған өнер» шеберлік сабақ. Мастер-класс «Искусство своими руками».

13 наурыз күні пән апталығы аясында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Саран қаласының №3 кітапхана-филиалына барды. Балаларға арнап «Өз қолымызбен жасалған өнер» атты шеберлік сабағы өткізіліп, онда олар түрлі-түсті қағаздан гүлдер салынған себеттер жасады, сонымен қатар кітап көрмесінде оқушылар көктем мен құстар туралы әсем безендірілген энциклопедиялармен және кітаптармен танысты. Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтті және «Тосын сыйлы пиала» атты тәтті сыйлықпен аяқталды.

13 марта в рамках предметной недели воспитанники школы-интерната посетили библиотеку-филиал №3 города Сарани. Для ребят провели мастер-класс «Искусство своими руками», где они изготовили корзинки с цветами из цветной бумаги, а также на книжной выставке познакомили с красочными энциклопедиями и книгами о весне и птицах. Экскурсия прошла в тёплой и дружеской атмосфере и завершилась приятным сладким подарком – «Пиала с сюрпризом».

#адал_азамат