Опрос
Насколько Вы удовлетворены качеством образования в нашей школе?

Воспитательная работа

Прикрепленные файлы
18.03.2024

“Қош келдің, әз Наурыз!” кітап көрмесі. Книжная выставка "Добро пожаловать,Наурыз!"

Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес мектеп кітапханасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: мерекенің тарихымен таныстыру; халық өнеріне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікке, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу. Киіз үй түрінде жасалған көрмеде бұл күнді тойлаудың әдет-ғұрпы мен дәстүрін көрсететін әдебиеттер қойылды. Кітапханашы И. Ю. Кириакиди тәрбиеленушілермен «Наурыз мейрамы құтты болсын!» тақырыбында викторина өткізді, оның аясында оқушылар Наурыз мейрамы туралы өз білімдерін көрсетті.

В соответствии с планом мероприятий празднования Наурыз-мейрамы и реализации программы «Читающая школа» в школьной библиотеке была организована книжная выставка «Добро пожаловать, Наурыз!». Цель выставки: ознакомление с историей праздника; воспитание любви к народному творчеству, традициям и обычаям, уважения к Родине. На выставке, которая была оформлена в виде юрты представлена литература, отражающая обычаи, традиции празднования этого дня. Библиотекарем Кириакиди И.Ю. с воспитанниками была проведена викторина по теме «Наурыз мейрамы құтты болсын!», в рамках которой обучающиеся продемонстрировали свои знания о празднике Наурыз.

#наурызмейрамы    #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

17.03.2024

Мектеп мұражайына экскурсия. Экскурсия в школьный музей.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында демалыс күн тобында тәрбиеленушілер мектеп мұражайын аралады. Бұл іс-шараның мақсаты – азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту. Балаларға мұражай залы бойынша қызықты және танымдық экскурсия ұйымдастырылды, мұражайдың әртүрлі жәдігерлері ата-бабаларымыздың өмірін түсінуге және көруге, жеке жәдігерлердің қызықты оқиғалары туралы білуге көмектесті. Тәрбиелушілер өткен тарихты ықыласпен тыңдап, жәдігерлерді қызыға тамашалады.

В рамках «Программы целостного воспитания» в группе выходного дня воспитанники посетили школьный музей. Цель данного мероприятия формирование гражданско-патриотических качеств, расширение кругозора и воспитание познавательных интересов и способностей. Для ребят была проведена интересная и познавательная экскурсия по залу музея с разными экспозициями, которые помогли понять и увидеть быт наших предков, узнать интересные истории об отдельных экспонатах музея. Воспитанники с удовольствием слушали рассказы о прошлом, с любопытством рассматривали экспонаты.

#Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

17.03.2024

ЖТС қосымша білім беру үйірмелері. Кружки дополнительного образования СЮТ.

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес демалыс күн тобының тәрбиеленушілері ЖТС - на қосымша білім беру үйірмелеріне барады. Үйірмелер балалардың ой - өрісін кеңейтіп, әлеуметтік дағдыларын дамытады. Балаларға жаңа қызығушылықтар табуына мүмкіндік береді және жауапкершілік пен дербестіктерінің қалыптасуына ықпал етеді.

По плану воспитательной работы воспитанники группы выходного дня посещают кружки дополнительного образования СЮТ. Кружки расширяют кругозор, развивают социальные навыки. Предоставляют ребятам возможность обрести новые интересы,способствуют формированию ответственности, самостоятельности.

#Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

15.03.2024

Демеушілерді құттықтау. Поздравления спонсоров.

15 - наурыз күні Наурыз мейрамының қарсаңында мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мектепке көп қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген Саран қаласының демеушілеріне ризашылықтарын білдіріп барып қайтты. Интернат әкімшілігі мен ұжымының алғыс хаттарынан бөлек, бүлдіршіндер кәсіпкерлерге өз қолдарымен жасаған естелік сыйлықтарын тарту етті.

Наурыз мейрамы бейбітшілік пен келісімді, жақсылық пен жақсылыққа сенім әкеледі.

Бүгінгі таңда қайырымдылық - бизнесмендердің табысы мен жеке әлеуметтік жауапкершілігінің символы болып табылады.

Сізге зор денсаулық, шексіз өмірлік қуат, қажымас қайрат, өркендеу тілейміз және алдағы уақытта ары қарай жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

15 марта в преддверии праздника Наурыз воспитанники школы-интерната посетили с благодарным визитом спонсоров г.Сарани, многократно оказывающих благотворительную помощь школе. Помимо благодарственных писем от администрации и коллектива школы-интерната ребята вручили предпринимателям сувениры, сделанные своими руками.

Праздник Наурыз несет в себе мир и гармонию, добро и веру в лучшее.

Сегодня благотворительность – это символ успешности и личной социальной ответственности бизнесменов.

Желаем Вам крепкого здоровья, нескончаемой жизненной энергии, силы духа, процветания и надеемся на дальнейшее плодотворное сотрудничество!

#наурызмейрамы    #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

14.03.2024

«Наурыз мейрамы» жалпы мектепішілік іс - шарасы. Общешкольное мероприятие «Наурыз мейрамы».

Наурыздың 14-і күні мектеп-интернатында Наурыз мерекесіне арналған жалпы мектепішілік мерекелік іс - шара өтті. Балалар ұжымы ауылдарға бөлініп, әрқайсысы өз ауылдарына ат қойып, өздерінің шығармашылық қойылымдарын ұсынып, таланттарымен бөлісті.

Іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанып, домбыра әндері шырқалып, ұлттық билер билеп, асық ойнап, арқан тартыс сайысы ұйымдастырылып, бесікке салу рәсімі өтті. Ал бағдарлама соңы қазақтың ұлттық киімдерінен (костюмдері) сән көрсетілімімен аяқталды.

Наурыз мейрамын тойлау кезінде береке мен молшылықты бейнелейтін ас-сулар үнемі әзірленетін. Сондықтан мерекелік шарада мол дастархан жайылды.

Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті!

Мереке танымдық әрі достық атмосферада, жарқын және әсерлі болды!

14 марта в школе-интернате празднично и ярко прошло общешкольное мероприятие, посвященное празднику Наурыз. Детский коллектив был разделен на аулы, каждый из которых носил свое название и представлял номера, где дети поделились своими творческими талантами.

Следуя традициям казахского народа, на мероприятии звучали песни домбры, были национальные танцы, проводились соревнования в игре асыки и перетягивание каната, был проведен обряд бесикке салу. И завершило программу дефиле с показом казахских нарядов (костюмов).

В дни празднования Наурыза всегда готовилось много еды, символизирующей достаток и изобилие. Поэтому на мероприятии был накрыт богатый дастархан.

Мероприятие прошло весело и интересно!

Праздник получился познавательным, красочным и ярким в доброй дружеской атмосфере!

#наурызмейрамы    #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

14.03.2024

14 наурыз “Көрісу күні”. 14 марта «Көрісу күні».

14 наурызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Көрісу күнін тойлайды. Бұл күні барлығы бір-бірін көктемнің келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, аға буынға құрмет көрсетеді.

14 марта казахстанцы традиционно отмечают Көрісу күні. В этот день все поздравляют друг друга с наступлением весны, выражают добрые пожелания и оказывают дань уважения старшему поколению.

#наурызмейрамы    #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

13.03.2024

«Қош келдің, Наурыз!» сурет және қабырға газеттері байқауы. «Қош келдің, Наурыз!» сурет және қабырға газеттері байқауы.

«Наурыз» көктем мейремын мерекелеу аясында мектеп-интернатта 0-10 сынып тәрбиеленушілерінің арасында «Қош келдің, Наурыз» атты суреттер мен қабырға газеттері байқауы өтті. Әр туынды өзіндік тарихымен, жарқыраған бояулары мен шексіз қиялымен ерекшеленді.

В рамках празднования весеннего праздника «Наурыз» в школе - интернате прошел конкурс рисунков и стенгазет «Қош келдің, Наурыз» среди воспитанников 0-10 классов. Каждая работа отличалась своей историей, искрящимися красками и безграничной фантазией.

#наурызмейрамы    #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

12.03.2024

“Ар - ұят” тақырыбында сынып сағаты. Классный час на тему «Совесть».

https://youtube.com/shorts/HDR_e7uD04w?si=MKgVqnyyC8ZbFDZY

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектеп-интернатта «Ар-ұят» тақырыбында сынып сағаты өтті. Тәрбиеленушілер ар-ұят деген не, ар-ұятқа сай өмір сүру оңай ма, жоқ па талқылады. Әртүрлі өмірлік жағдайларда адамдардың іс-әрекеттерін талдап, өз көзқарастарын білдіруді үйренді.

В рамках «Программы целостного воспитания» в школе – интернате был проведен классный час на тему «Совесть». Воспитанники рассуждали о том, что такое совесть, легко ли жить по - совести. Учились анализировать поступки людей в разных жизненных ситуациях, высказывать свою точку зрения.

#Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие

07.03.2024

«Көктем - гүлдер және махаббат мерекесі» іс-шарасы. Мероприятие «Праздник весны, цветов и любви».

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектеп-интернатта «Көктем - гүлдер және махаббат мерекесі» атты мерекелік шара өтті. Оқушылар көркем қойылымдар дайындады. Аналарға, әжелерге, барша әйелдерге арналған құттықтаулар, әндер, сыр шертер билер, тақпақтар айтылды. Концерттік қойылымдар барлық қонақтарға көптеген оң және жағымды эмоциялар сыйлады. Мерекелік іс-шара естелік ретінде жақсы, шуақты, көктемгі көңіл-күй қалдырды!

На пороге Международного женского дня в школе-интернате прошло праздничное мероприятие «Праздник весны, цветов и любви». Обучающиеся подготовили номера художественной самодеятельности. Прозвучали поздравления, песни, сценки, задорные танцы, стихи для мам, бабушек, всех женщин. Концертные номера подарили всем присутствующим гостям много приятных и положительных эмоций. Праздничное мероприятие оставило на память о себе хорошее, солнечное, весеннее настроение!

#Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие